Басты бет / Без рубрики / БОКСТАН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҮШІНШІ КҮНГІ НӘТИЖЕСІ

БОКСТАН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҮШІНШІ КҮНГІ НӘТИЖЕСІ

Бангкокта бокстан жастар арасында Азия чемпионатының үшінші күні өтті. Жарыс жолына төрт боксшымыз шықты.

52 келіде Айбек Досанов Ирандық Пейман Шахпарибенешти 5:0 есебімен оңай ұтты. 60 келіде Саматәлі Толтаев Оңтүстік Корея боксшысы Ким Джунхионгті тізе бүктірді.

81 келіде Эльдияр Қамшыбеков Қытайлық қарсыласы Майердан Маймайтиді 5:0 есебімен ұтты.

Қазақтың салмағы атанған 69 келіде Ермахан Жақпеков жапондық былғары қолғап шеберінен жеңіліп қалды. Эссей Арамото Ермаханды 5:0 есебімен, айқын басымдылықпен ұтты.

 

Сондай-ақ

KAZAKHSTAN TOP TEAM АЛМАТЫҒА ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Ақтауда маусымның 8-і күні грепплингтен NFC Grappling Kazakhstanгран-при турнирінің  жалауы желбіреді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген үздік   …