Басты бет / Бокс / БОКСШЫЛАРЫМЫЗ ПОЛЬШАДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

БОКСШЫЛАРЫМЫЗ ПОЛЬШАДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Атақты Польша боксын жандандырушы Феликс Штамм құрметіне 34-ші рет ұйымдастырылып отырған турнирде екі қазақ боксшысы  жеңімпаз атанды.

49 келі салмақта Шалқар Айқынбай чемпион атанды. Отандасымыз жарысыты жартылай финалдан бастады. Алдымен польшалық Дориан Моспинкті айқын басымдылықпен ұтып, финалда польшалық Джейкаб Соминскийді жеңді.

64 келіде Асқар Ерубек жарыс жолын ширек финалда бастап, шотландиялық Сеан Спенсті айқын басымдылықпен жеңіп, жартылай финалда швециялық Йоханнес Берханені 4:1 есебімен, финалда француз боксшысы Вахид Хэмблиге мүмкіндік бермеді
Бұл турнирде төрт қазақ боксшысы қатыста, 60 келіге дейін салмақта Серік Теміржанов алғашқы айналымнан аса алмады. 81 келіге дейінгі салмақта Бек Нұрмағанбет осы турнирдің қола жүлдесін қанжығасына байлады.

 

Сондай-ақ

АЛЕКСАНДР АРТЕМЬЕВ ЕУРОПА КУБОГЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Венгрия елінде автоспорттан Еуропа кубогы өтті (ETCC 2-ші кезең). Қазақстан намысын бұл сайыста Александр Артемьев қорғаған …