Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / ЕРҚУАТҰЛЫ НҰРТІЛЕК ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

ЕРҚУАТҰЛЫ НҰРТІЛЕК ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Ресей астанасы Мәскеу қаласында Панкратион спортынан әлем кубогы өтті. Қазақстандық спортшылар әлемдік додада топ жарды.

Ересектер арасында Атыраулық спортшы Ерқуатұлы Нұртілек 57 келі салмақта чемпион атанды. Отандасымыз Ресей мен Қырғызстандық қарсыластарын оңай ұтып, чемпиондық белдіктің иегері атанды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері жарыс туралы:

«Бұл ұзақ уақыт ем алғаннан кейін спортқа қайта оралуым. Алғаш рет әлемдік додада алтын жүлде алып отырмын. Мәскеуде үш кездесу өткіздім. Бүгінгі нәтижеме көңілім толы. Ендігі мақсат әлем чемпионы атану.

Одан бөлек Орынғалиев Әбілқайыр ересектер арасында 77 келіде чемпион атанды. 16-17 жас аралығында Асылбекұлы Тілек 60 келіде қола жүлдегер.

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы әлем кубогында үшінші орын алды.

Сондай-ақ

ТЕМІРТАС ЖҮСІПОВ ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ

Теміртас Жүсіпов ширекфиналдық кездесудің бірінші кездесуінде ұтылып қалды. Patriot Boxing Team — Astana Arlans 1:0 …