Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Күрес / ДӘУЛЕТ ТҰРЛЫХАНОВ АЗИЯ КҮРЕС КЕҢЕСІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ДӘУЛЕТ ТҰРЛЫХАНОВ АЗИЯ КҮРЕС КЕҢЕСІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін құрлықтық конгрессте Дәулет Болатұлы Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті болып тағайындалды. Атақты балуан дауыс беру қорытындысы бойынша аталмыш лауазымды орынға лайық  деп танылды. Дәулет Болатұлы 14  үміткердің ішінен 24 дауыс жинады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Естеріңізге салайық, Дәулет Тұрлыханов 1963 жылы бұрынғы Семей облысы Жарма ауданында дүниеге келген. Ол Сеул Олимпиадасының күміс жүлдегері, КСРО-ның сегіз дүркін чемпионы, әлем және Еуропа чемпионаттарын бағындырған теңдесі жоқ балуан.

Қазіргі таңда Дәулет Тұрлыханов Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясының вице-президенті қызметін атқарады.

 

Сондай-ақ

ҰЛЫ ДАЛА ОЙЫНДАРЫ ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫ БОЙЫНША РЕКОРД ОРНАТТЫ

  Алматыда, мамырдың 13-інен бастап он екі ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала ойындары» республикалық фестивалі …