Басты бет / Без рубрики / «KAZAKHSTAN OPEN» G-1 РЕЙТИНГТІК ТАЕКВОНДО ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

«KAZAKHSTAN OPEN» G-1 РЕЙТИНГТІК ТАЕКВОНДО ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Атырау қаласында тұңғыш рет Олимпиадалық спорт түрінен рейтингтік турнир өтуде. Таеквондодан дәстүрлі «Kazakhstan open» Халықаралық турнирі бүгінде G-1 рейтингін еншіледі. Яғни спортшылар жалпы есепте Олимпиадаға ұпайлар жинайтын болады.

Жарыстың алғашқы күні ересектер мен жастар арасындағы бәсекелер өтті. Қыздар арасында 49 келі түгел Қазақстандық спортшылардың жеңісімен аяқталды.

1 — Батыр Айнагүл (SC Astana-batr)

2 — Есбергенова Айнұр (Қазақстан құрамасы)

3 — Қосмаханбет Ботагөз(SC Astana-batr)

3 — Ералхан Балауса (Шымкент)

54 келі салмақта Ирандықтарға тең келер ешкім болмады. Ақтық дода қос Ирандық таеквондошы арасында өтті. Қызылордалық Бейсенбай Ербол осы салмақта қола жүлдегер атанды.

58 келі салмақта Иран спортшысы жеңіске жетсе, екінші орынды Татарстан құрамасы, үшінші орындарды Вьетнам мен Астрахань құрамасы еншіледі.

87 келі салмақта Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Смайл Дүйсебай қарсылас шақ келтірмеді. Маулетханов Саян болса қола жүлдегер. Қалған бір күміс пен бір қола медальді Иран елінің спортшылары иеленді.

Жастар арасында жетің бірдей салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. 48 келіде Бекетов Батыржан, 78 келіде Оразбаев Нартай, 44 келіде Усманова Әсел, 68 келіде Жақсыбаева Фатима чемпион атанды. Одан бөлек 45 келіде Елшібай Елжан мен 42 келіде Қайдарова Алима күміс жүлде еншіледі. 11 спортшымыз қола жүлдегер атанды.

 

 

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …