Басты бет / Бокс / ЖАНҚОШ ТҰРАРОВ ҚАНАТ ИСЛАМНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН КЕШТЕ ЖҰДЫРЫҚТАСАДЫ

ЖАНҚОШ ТҰРАРОВ ҚАНАТ ИСЛАМНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН КЕШТЕ ЖҰДЫРЫҚТАСАДЫ

Жанқош Тұраров Қанат Исламның қатысуымен өтетін бокс кешінде жұдырықтасады . Жекпе-жек кеші 26 мамыр күні АҚШ-тың Флорида қаласында өтеді.
Кәсіпқой бокста ел намысын абыроймен қорғап жүрген 26 жастағы Жанқош Тұраров (20-0-0) өзінің кезекті кездесуін бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат «QAZAQ» Исламның (23-0, 19 КО) қатысуымен өтетін бокс кешінде өтеді.

Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің кезекті 26 мамыр күні Флоридада өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы мексикалық Норберто Гонсалес болмақ. Ол кәсіпқой бокстағы 31 кездесу өткізіп, 23 кездесуде жеңіске жетсе, 8 кездесуде жеңіліп қалған.

Осы бокс кешінде шаршы алаңға Жанқош Тұраров та шығады. Қазір бұл кездесуге отандасымыз дайындықтарын өткізіп жатыр. Бірақ Тұраровтың қарсыласы кім болатынын әлі белгісіз болып тұр.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров кәсіпқой бокста 20 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Өзнің соңғы кездесуін ол 29 қазан күні «Алматы Арена» спорт кешенінде ганалық Исаак Аримен кездесіп, жеңіске жеткен еді.

Сондай-ақ

АЛЕКСАНДР АРТЕМЬЕВ ЕУРОПА КУБОГЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Венгрия елінде автоспорттан Еуропа кубогы өтті (ETCC 2-ші кезең). Қазақстан намысын бұл сайыста Александр Артемьев қорғаған …