Басты бет / Бокс / ГОЛОВКИН — ДЖЕЙКОБС ЖЕКПЕ-ЖЕГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ СОНДАЙ ҚИЫН БА?

ГОЛОВКИН — ДЖЕЙКОБС ЖЕКПЕ-ЖЕГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ СОНДАЙ ҚИЫН БА?

 

NYFights.com порталының тілшісі  Майкл Вудс Том Лёффлер мен Эл Хэймонның Геннадий Головкин мен Дэниэль Джейкобс арасындағы кездесуді неге ұзаққа созып жібергеніне басы жетпей жүр.

«Неге екі боксшы қалап тұрған жекпе-жек  мәселесі ұзаққа созыла беретінін түсінбеймін. Бар болғаны түсетін қаржыны бөліп, кездесу өтетін жерді анықтау ғана. Барлығы бітіп тұрған мәселе,»- деп жазды Вудс твиттер желісіне.

Боксшылардың промоутерлері Том Лёффлер мен Эл Хэймон кездесу өтетін жерді анықтап, түсетін пайданы бөлуі керек. Олар соза береді. Том Лёффлер 75/25% етіп бөліп, кездесуді Нью-Йорктегі  «Madison Square Garden» аренасында өткізгісі келеді. Эл Хэймон болса 60/40% етіп,  «Barclays Centre» аренаның қалап отыр.

Сондай-ақ

АНДРЕЙ КАРПОВИЧ СПОРТТЫҚ МАНСАБЫН АЯҚТАМАҚ

35 жастағы «Алтайдың» жартылай қорғаушысы Андрей Карпович «Таразбен» болатын ойыннан кейін ойыншы ретіндегі мансабын аяқтамақ, …