Басты бет / Без рубрики / ДЕМЕУ ЖАДЫРАЕВ СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

ДЕМЕУ ЖАДЫРАЕВ СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Түркияның Чорум қаласында күрес түрлері бойынша XII-ші студенттер арасындағы әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды dodasport.kz сайты.

Грек-рим күресі бойынша студенттер бәсекесі басталды. 71 келі салмақта отандасымыз Демеу Жадыраев финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ол ақтық сында Беларусь балуаны Павел Ляхуға есе жіберді.

Әскерилер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Демеу Жадыраев Қазақстан құрамасына төртінші медальді алып келді. Бұдан бұрын еркін күрес шеберлері Мейіржан Аширов алтын, Тимур Айтқұлов күміс және Әділет Давлумбаев қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ

АСТАНА-АРЕНАНЫҢ ШАТЫРЫ ЖАБЫЛАТЫНЫ ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ

  Грекия елінің Sportdog.gr спорт порталы Еуропа Лигасы топтық кезеңінің  төртінші кездесуі алдындағы «Астана» — «Олимпиакос» ойынына баға …