Басты бет / Бокс / НЕ СЕБЕПТІ КАНЕЛО ГОЛОВКИНМЕН ЖҰДЫРЫҚТАСУЫ КЕРЕК?

НЕ СЕБЕПТІ КАНЕЛО ГОЛОВКИНМЕН ЖҰДЫРЫҚТАСУЫ КЕРЕК?

 

Boxingnews24.com сайтының тілшісі Дэн Эмброуз не себепті  Сауль «Канело» Альварес пен Геннадий Головкин шаршы алаңға шығуы керек екенін айтты.

Жақында ғана Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя егер де Головкин менің ұсынысымды қабылдамаса, оның артынан жүгірмеймін деген болатын.

 

«Оскар Де Ла Хойя Головкиннің артынан жүгірмеймін дейді. Канело 2017 жылдың басында екі кездесу өткізіп, кейін қыркүйек айында Головкинмен кездескісі келеді. Оскар Де Ла Хойя шынымен екі боксшы арасындағы кездесуді өткізгісі келеді. Себебі келетін пайда да, боксқа деген қызығушылық та арта түсетіні сөзсіз. Канелоны мықты дегеннің өзінде бокс сүйер қауым бұл жекпе-жекті көргісі келеді. Қазірдің өзінде  «Golden Boy» компаниясына осындай тілектерін жеткізушілер қатары өте көп.

Егер  «Golden Boy» Головкинге мән бермей қара тізімге салса өздеріне өте қиын болады. Канелоның спорттық мансабы мен табыстары төменге құлдырауда. Кезінде  Мэнни Пакьяоның промоутері Боб Арум халық қалайтын кездесулер ұйымдастырмағаннан кейін оның тікелей көрсетілім бағалары төмен түсіп кеткен болатын. Тек Пакьяо Майвезермен кездескеннен кейін ғана сатылым бағасы өсті. Бұл кездесу бітті. Арум кезекті рет Пакьяоға қарсы әлсіз боксшыларды шығарып қойды.  PPV көрсеткіштері тағы да құлдырап кетті.

Канело шынымен Головкинмен кездескісі келеді. Себебі бұл жекпе-жек арқылы ол тек Американың бір бұрышына ғана емес, бүкіл әлемге танымал бола алады.  «pay-per-view» жұлдызына айналу үшін Канелоға керек жалғыз адам Головкин. Де Ла Хойя Альварес «ең үздік» атағын Мейвезердан кейін иеленеді деп ойлайды. Бірақ ол мүмкін емес.

Канелоға жұлдыз болу үшін Головкин немесе Джейкобс секілді боксшылармен жұдырықтасуы керек. Ол  Лиам Смит, Амир Хан, Альфредо Ангуло және  Джеймс Киркланд секілді боксшыларды жеңгеннен түк пайда таппайды».- дейді Эмброуз.

 

Сондай-ақ

«БАРЫС» ТӨРТ РЕТ ҚАТАРЫНАН ЖЕҢДІ

  Құрлықтық хоккей лигасы аясында Астаналық «Барыс» командасы Братиславтық  «Слованды» — 5:1 есебімен жеңді. «Барыс» — «Слован» …