Басты бет / Соңғы жаңалықтар / АНДРЕЙ КАРПОВИЧ СПОРТТЫҚ МАНСАБЫН АЯҚТАМАҚ

АНДРЕЙ КАРПОВИЧ СПОРТТЫҚ МАНСАБЫН АЯҚТАМАҚ

35 жастағы «Алтайдың» жартылай қорғаушысы Андрей Карпович «Таразбен» болатын ойыннан кейін ойыншы ретіндегі мансабын аяқтамақ, деп хабарлайды prosportkz.kz.

Соңғы маусымда Карпович семейлік клубтың сапында бірінші лигада ойнады. Капитан ретінде ол команданы 26 матчта бастап шыққан. Карпович мансабын дәл осы қалада бастаған болатын. 1998 жылы команда атауы «Елімай» болған кезде Карпович үлкен футболдағы алғашқы қадамын жасаған.

Семейден жартылай қорғаушы «Ертіске» ауысып, павлодарлықтармен бірге Азиялық чемпиондар Кубогының жартылай финалына жетті. 2002 жылы ол «Ростельмаш» (қазіргі — «Ростов») клубымен келісім шартқа отырады. 2004 жылы Карпович Қазақстанға оралып, үш жыл алматылық «Қайрат» сапында ойнайды. Содан кейін, мәскеулік «Динамоға» ауысып, Ресей біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Қазақстан құрамасы үшін Карпович 55 ойын өткізіп, үш гол соққан.

Сондай-ақ

АСТАНА-АРЕНАНЫҢ ШАТЫРЫ ЖАБЫЛАТЫНЫ ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ

  Грекия елінің Sportdog.gr спорт порталы Еуропа Лигасы топтық кезеңінің  төртінші кездесуі алдындағы «Астана» — «Олимпиакос» ойынына баға …