Басты бет / Қысқы спорт / ДЕНИС ТЕН УНИВЕРСИЯДА ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

ДЕНИС ТЕН УНИВЕРСИЯДА ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

 

Мәнерлеп сырғанау бойынша Қазақстанның студенттер құрамасы 2017 жылы Алматы қаласында өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға қызу дайындық үстінде.

«Мәнерлеп сырғанау бойынша қазақстандық команда алдағы студенттік ойындарға қызу дайындықты бастап кетті. Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев сынды ерлер құрамасы АҚШ-та жеке бапкерлермен жаттығып жатыр, ал әйелдер құрамасындағы Айза Иманбек пен Регина Глазман Алматыда дайындалуда», — деді мәнерлеп сырғанау бойынша Қазақстан құрамасының бас бапкері Құралай Узурова.

Бапкердің айтуынша, өткен юниорлар арасындағы Гран-Приде Айза Иманбек жақсы нәтиже көрсеткен (8 орын) . Барлық бапкер Универсиада-2017 ойындарында Айза Иманбектің он үздік спортшы қатарына енетініне сенімді. Бірақ, Қазақстан құрамасындағы негізгі алтынға үміткер Денис Тен. «Біз алдағы Универсиада-2017 ойындарында медальдар жеңіп алуға тырысамыз. Алтын жүлдеге негізгі үміткер Денис Тен, ол студенттік ойындарға қатысуға шешім қабылдады және қазір жоғары деңгейде өнер көрсету үшін дайындық үстінде», — деп атап өтті Қ.Узурова. Алдағы Универсиада 2017 ойындарындағы Қазақстан құрамасы сапында мәнерлеп сырғанау бойынша 10 спортшы бақ сынайды.

Сондай-ақ

АСТАНА-АРЕНАНЫҢ ШАТЫРЫ ЖАБЫЛАТЫНЫ ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ

  Грекия елінің Sportdog.gr спорт порталы Еуропа Лигасы топтық кезеңінің  төртінші кездесуі алдындағы «Астана» — «Олимпиакос» ойынына баға …