Басты бет / Бокс / АЙДОС ШИРЕК ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

АЙДОС ШИРЕК ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

Санкт-Петербург қаласында болып жатқан бокстан жастар арасындығы әлем чемпионаты жалғасуда. 52 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз Айдос Апаров армениялық Жирар Саргсянды айқын басымдылықпен ұтты.

Алғашқы минуттардан ширақ қимылдаған Айдос қарсыласын соққының астына алды. Екінші раундта да Жирар Саргсян отандасымызға қауқар көрсете алмады. Айдос шаршы алаңда шеберлігін танытып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

 

Енді ол ширек финалда кубалық Креспо Сантоспен кездеседі.

 

Сондай-ақ

АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ: АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ СӘТТІ БАСТАЛДЫ

69 келі салмақта 2016 жылғы Қазақстан чемпионы Абылайхан Жүсіпов Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы …