Осы күнгі архивтер: 02.07.2017

ЖАС ТАЕКВОНДОШЫЛАР КОРЕЯ БІРІНШІЛІГІНЕ ҚАТЫСУДА

Оңтүстік Кореяның Чхунчхан қаласында таеквондо спортынан жасөспірімдер арасында  G2 дәрежелі «International Taekwondo Championships-2017» Корея Опен турнирі өтуде. Жарыстың алғашқы күні Қазақстандық спортшылар 3 алтын және 3 қола медаль еншіледі. Алтын: Али Ақансерібаев 32 кг, Саят Төреқұл 36 кг, Бекежан Аманжанов 45 кг. Қола: Ілияс Жарылғасынов 40 кг, Нұрбек Ғазиз 45 кг, …

толық оқу»

МЭННИ ПАКЬЯО АУСТРАЛИЯЛЫҚ БОКСШЫДАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ

2 шілдеде Аустралияның Брисбен қаласында бокс кеші өтті, бұл кештің басты жекпе-жегінде филиппин Мэнни Пакьяо мен жергілікті боксшы Джефф Хорн жұдырықтасты. Жекпе-жек 12 раундқа жалғасты. Кездесуге Пакьяоның иелігіндегі WBO тұжырымы бойынша екінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы титулы тігілді. Бірінші раундта Хорн басым болған, себебі сериялы соққылар жасап, Пакьяоны қорғануға …

толық оқу»

ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВ: АТЫРАУҒА АЛҒАШ РЕТ КЕЛІП ТҰРМЫН

Атырау қаласында дәстүрге айналған Қазақстан Республикасы Бокс Федерациясының құрметті президенті Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевтың жүлдесіне арналған ерлер арасында Бокстан Халықаралық турнир басталды. Құрметті қонақ ретінде Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов те келген болатын. — Данияр, ең алдымен бүгінгі қазақ боксының жағдайы туралы сіздің пікіріңізді білгіміз келеді. Жастардың аяқ алысы, жалпы еліміздегі …

толық оқу»

«ГАЛБАДРАХ VS УРАНЦЭЦЭГ»ЖАЛҒАСА МА?

Галадрах Отгонцэцэг бір сұхбатында моңғолиялық Мунхбат Уранцэцэгті өз салмағындағы басты қарсыласы ретінде санайтынын айтқан еді. Екеуі бір құрамадан, бір салмақта шығып жүргенде Уранцэцэцг үздік болып, Отгоға мүмкіндік қалдырмаған болатын. Ал бүгін Қытайдағы Гран приде Уранцэцэг жаңа салмақта шығып (52 кг) жарыстан қола алып кетті. Осы салмағында тұрақтап қала берсе екен …

толық оқу»

РУСЛАН ӘБДІРАЗАҚОВ: СПОРТ КЕШЕНІН САЛЫП ЖАТЫРМЫН

– Жеңілгендерді әдетте «жа­ралы» балуан деп жатады. 2015 жылы «Қазақстан барысы» дода­сы­ның финалында есе жібергені­ңіз есімізде. Биыл өзге қатысушыларға қаншалықты қауіптімін деп ойлайсыз? – Қола мен күміс қанжығамда бар. Сол секілді орын алып жүрген, даңқты балуандардың көпшілігін қауіпті деуге әбден болады. Өйткені өзің секілді күресіп жүрген, айлакер, түрлі әдіс-тәсілдерді меңгергендігіне …

толық оқу»

ДИНАРА СӘДУАҚАСОВА, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ: КЕЛЕШЕКТЕ ШАХМАТТЫҢ ПАТШАСЫ БОЛАМЫЗ

Шахматтың шаршы тақтасында патшалық құру – екінің біріне бұйырмайтын бақыт. «Шахмат – адамды жылдам ойлауға, тез шешім қабылдауға баулиды» деген Елбасының сөзі талай таланттың талабын ұштады. Соның бірі емес, бірегейі – небәрі 16 жасында «Ең жас гроссмейстер» атанған Қазақстанның сегіз дүркін абсолютті чемпионы, «ТОП-30»-дағы халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасовамен әңгімелескен едік. …

толық оқу»

«АЛТЫН ТҰЛПАР» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы жуырда  «Алтын тұлпар» атты қайырымдылық жобасын іске қосты. Атқа мінгізу арқылы еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулықтарын оңалтуды мақсат еткен бұл жоба негізінен «SAMRUK KAZYNA TRUST» әлеуметтік  жобаларды дамыту қорымен бірлесе отырып жүзеге асырылды. Атқа мінгізіп емдеу-сауықтыру орындары әзірге еліміздің тоғыз өңірінде жұмыс жасайды. Халықтық медицинаның …

толық оқу»

ҚАЗАҚТЫҢ МЕРГЕНДІГІН ӘЛЕМ МОЙЫНДАУҒА ТИІС

Жамбы атудан Қазақстан Республикасы чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, халықаралық мергендер сайысына қатысушы, 2016 жылғы «Ұлы дала ойындары» фестивалінің жеңімпазы, «Алтын тұғыр» иегері  атанған Елдос Бадашев еліміздің «Жамбы ату» ересектер құрама командасының капитаны.  Ат үстіндегі мергендік сайысында аз уақытта суырылып көзге түскен Елдос жуырда республикалық  жастар мен жасөспірімдер командасының бас жаттықтырушысы …

толық оқу»

САМБОДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТАНЫҢ ЕКІНШІ КҮНГІ НӘТИЖЕСІ

Ташкентта самбо күресінен Азия чемпионаты өтуде. Жарыстың екінші күнгі қорытындысын назарларыңызға ұсынамыз. Қазақстан құрамасы 7 алтын, 5 күміс және 8 қола медаль еншіледі. Қыздар: 48 кг Мүсілім Ұлболсын — қола. 60 кг Аманбекова Арай — күміс. 75 кг Тамабек Венера — қола. 48 кг Кудеретилла Айжан -қола. 60 кг Ақмолда …

толық оқу»

РИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ КӘСІПҚОЙ БОКСТА ҚАДАМЫН ЖАСАДЫ

Рио Олимпиадасында өзбек боксшысы Элшод Расуловты нокаутпен жеңіп, жартылай финалда Әділбек Ниязымбетовтен жеңілген британдық боксшы Джошуа Буатси кәсіпқой бокста алғашқы қадамын нокаутпен бастады.  24 жасар жартылай ауыр салмақтағы екі дүркін Англия чемпионы, Европа чемпионатының қола жүлдегері (2015) және Рио Олимпиадасының қола жүлдегері (2016) британдық боксшы Джошуа Буатси кәсіпқой бокстағы алғашқы …

толық оқу»