Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Күрес / БАЛУАН ҚЫЗДАР ИТАЛИЯДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

БАЛУАН ҚЫЗДАР ИТАЛИЯДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Италияның Сассари қаласында күрес түрлерінен Халықаралық турнир өтті. Бұл сында ел намысын бес балуан қызымыз қорғады.

Әйелдер күресінде Италия, Испания, Румыния, Канада, Ұлыбритания және Қазақстан елдері сайысқа түсті.

75 келі салмақта күрескен отандасымыз Эльмира Сыздықова тқрт кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Одан бөлек 58 келі салмақта Гүлшахарат Таласова чемпион атанды. Ол өарсыласы, жарыс қожайынын оңай ұтты.

Жұлдыз Эшимова (53 келі) мен Аяулым Қасымова (60 келі) ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ирина Борисова болса қола медальді қанағат тұтты.

Осылайша бес балуан қызымыз да жүлде иеленіп, құрамамыз жалпы есепте екінші орын алды.

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …