Басты бет / Бокс / «ASTANA ARLANS» БИЫЛҒЫ МАУСЫМДЫ МӘСКЕУДЕ БАСТАЙДЫ

«ASTANA ARLANS» БИЫЛҒЫ МАУСЫМДЫ МӘСКЕУДЕ БАСТАЙДЫ

Ақпанның 4-і күні «Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубы Бүкіләлемдік бокс сериясының VII маусымының шымылдығын ашады. Жобаның екі дүркін жеңімпазы атанған «арландар» алғашқы жекпе-жекті Ресейдің «Russian Boxing Team» командасымен өткізеді.

Осыған байланысты бүгін, яғни 24 қаңтарда Алматыда «Астана» Президенттік клубының ұйымдастыруымен жаңа маусымға арналған таныстыру рәсімі өтті.

2010 жылы алғаш рет тұсауы кесілген жобаға биыл айтарлықтай өзгерістер енді. Бокс басшылары жобаға қатысатын 12 команданы географиялық орналасуына байланысты 3 топқа бөлді. Бұған дейін қатысқан кейбір командалар қаржы тапшылығына байланысты жобаға қатысудан бас тартты. Солардың қатарында Украина, Әзірбайжан сияқты жобаның тұрақты қатысушылары да бар. Сондай-ақ, былтырғы маусымға қатысқан Түркия, Польша, АҚШ және Пуэрто-Рика елдерінің командалары да биылғы додадан тыс қалды.

Жаңа ереже бойынша әр топтың үздік екі командасы плей-офф ойындарына шығады. Сонымен қатар, үшінші орын алған командалардың арасында үздік нәтиже көрсеткен екі клуб та плей-офф бәсекесіне қосылды.

«Astana Arlans» жеребе қорытындысы бойынша «Uzbek Tigers» (Өзбекстан), «Russian Boxing Team» (Ресей), «China Dragons» (Қытай) командаларымен «С» тобына түсті.

Топтық жекпе-жектер ақпан айынан бастап сәуір айына дейін созылады. Плей-офф ойындары, яғни, ширек финал мамыр айында жоспарланған. Маусым айында — финал. Егер ширек финалдық жекпе-жек 5:5 есебімен аяқталса, онда жеңімпаз команда қосымша +91 келі салмақта анықталады. Ал жартылай финал мен финалдық кездесулер тең аяқталса, онда қосымша жекпе-жек 52 келідегі боксшылардың арасында өтеді.

«Astana Asrlans» командасында да биылғы маусымда біраз өзгерістер орын алды. Қаржы мәселесіне байланысты боксшылардың саны былтырғы маусыммен салыстырғанда қысқарды. Мәселен, былтыр команда құрамында 30 боксшы болса, биыл 20 боксшы ғана бар. Дегенмен, команда бапкері резервтік қүрамға 19 боксшы алып отыр. Олар маусым барысында негізгі құрамдағы жігіттерді алмастырып қалуы мүмкін.

Биылғы «Astana Arlans» командасының құрамы мынадай:

49 кг дейін

1) Теміртас Жусіпов
2) Ержан Жомарт
3) Шалқар Айқынбай
3) Асхат Жусіпов

52 кг дейін

1) Азамат Исакұлов
2) Ануар Музаппаров
3) Азат Махметов
3) Олжас Байниязов

56 кг дейін

1) Қайрат Ералиев
2) Нурбол Қалжанов
3) Ильяс Сулейменов
3) Жанболат  Қыдырбаев

60 кг дейін

1) Әділет Кұрметов
2) Закир  Сафиуллин
3) Мейірболат Тоитов
3) Серік Теміржанов

64 кг дейін

1) Бекдаулет Ибргаимов
2) Қуан Куатова
3) Дильмурат Межитов
3) Мақсат Жексенбі

69 кг дейін

1) Абылайхан Жусіпов
2) Қанағат Маралов
3) Алмасбек Әлібеков
3) Илья Очкин

75 кг дейін

1) Әбілхан Аманқұл
2) Ерік Әлжанов
3) Манат Өмірзақов
3) Тұрсынбай Кулахмет

81 кг дейін

1) Жәнібек Әлімханұлы
2) Нұрдаулет Жарманов
3) Вадим Казаков
3) Шаймурат Кусаинов

91 кг дейін

1) Антон Пинчук
2) Серік Мусадилов
3) Арбек Абдуғаниев
3) Еркін Мухамеджан

+ 91 кг-нан жоғары

1) Олжас Букаев
2) Қамшыбек Қонқабаев
3) Нұржан Бекзатов
3) Нұрлан Сапарбай

Естеріңізге сала кетейік, «Astana Arlans» биылғы маусымдағы алғашқы кездесуін 4-ақпан күні Мәскеуде «Russian Boxing Team» командасына қарсы өткізеді.

Сондай-ақ

АЛҒАШҚЫ МЕДАЛЬ ҚОРЖЫНҒА ТҮСТІ

Алматыда басталған дүниежүзілік қысқы Универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. Бес шақырымға классикалық стильмен жүгірген …