Басты бет / Футбол / Қазақстан Премьер Лигасы / ЗЕНЬКОВИЧ АҚТӨБЕГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

ЗЕНЬКОВИЧ АҚТӨБЕГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Қазақстандық шабуылшы Игорь Зенькович ресми түрде «Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы атанды. Естеріңізге саламыз, Игорь Зенькович 2014 жылы «ақ-қызылдар» сапында ойнаған болатын.

Анықтама:
Толық аты жөні: Игорь Викторович Зенькович
Туған жылы: 17 қыркүйек 1987 ж.
Туған жері: Минск, Беларусь
Бойы: 185 см
Салмағы: 78 кг
Амплуа: шабуылшы

Мансабы

Игорь Зенькович «Олимпия» футбол клубының (Минск) түлегі болып табылады. Алғашқы бапкері Зиборов Сергей Александрович. 2003 жылы БАТЭ клубының жастар командасына ілігеді, 2006 жылы 13 тамызда басты команда сапында алғашқы ойынын өткізген, бірақ негізгі құрамға іліге алмай «Неман» командасына жалға беріледі. Кейін светлогорскылық «Химик», минскілік «Дариду» және «Динамо» клубтарында ойнаған. Могилев қаласының «Днепрінде» ойыны жүре бастайды. Бұл клубта екі маусым ойнап, Қазақстанға ойнауға кетеді.

Қазақстандағы алғашқы клубы оралдық «Ақжайық», 2013 жылдың ортасында қаржылық мәселелерге байланысты Оралдан қарағандылық «Шахтерға» ауысады. Маусым қорытындысы бойынша «Ақжайық» пен «Шахтердағы» голдарын қосқанда чемпионаттың үздік сұрмергені атанады (9+6=15). Зенькович 23 шілдеде Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде өзінің туған командасы БАТЭге гол соғып, бұрынғы отандастарын жарыс жолынан шығарады (1-0, 1-0).

Маусым соңында «Шахтер» Қазақстан Кубогын жеңіп алады, Игорь жарыс барысында «Астана» қақпасына бір гол соқты. Сол жылы футболшы Қазақстан азаматтығын алды.

2014 жылдың басында «Ақтөбе» футбол клубына ауысып, 27 ойында 6 гол соқты, кубок ойынында «Қайсарға» 1 гол соқты. Сол жылы ақтөбелік клуб күміс медаль иеленіп, Қазақстан Кубогының финалына шықты.

2015 жылы ақпан айында Зенькович Түркияның «Элязыгспор» командасымен келісімшартқа отырған, алайда Түркияда тұрақтай алмай, жазда қостанайлық «Тобылмен» келісімге келген.

2016 жылдың қаңтар айында Игорь қазақстандық «Тараз» командасына ауысқан. Маусым басында сәтті ойнап келе жатқан (6 ойында 3 гол),бірақ ауыр жарақат алғаны себепті маусым соңына дейін қатардан шығып қалды. «Тараз» Премьер-лигадан ұшып кетті.

Жетістіктері:

Қазақстан Кубогының иегері: 2013 – «Шахтер» ФК
Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2014 «Ақтөбе» ФК

Жеке марапаттары
Қазақстанның үздік шабуылшысы: 2013

«Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі.

Сондай-ақ

ДЖИУ-ДЖИТСУ СПОРТЫ БОЙЫНША ТҰҢҒЫШ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

  Джиу-джитсу спортынан Қазақстандық спортшылар әлемдік аренада өздерін көрсете бастады. Джиу-джитсудың «Невада» түрі бойынша елімізден …