Басты бет / Бокс / АТЫРАУДА БАТЫР БАБАЛАР АТЫНДАҒЫ БОКС ТУРНИРІ ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

АТЫРАУДА БАТЫР БАБАЛАР АТЫНДАҒЫ БОКС ТУРНИРІ ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

26 сәуір күні Атырау қаласында Қазақ батырлары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының рухтарына арналған IX-шы Халықаралық бокс турнирі басталды.

Дәстүрге айналған Халықаралық турнирге биыл 8 елден 100-ге жуық спортшы келген. Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай және Қазақстан мемлекеттерінің өкілдері үздіктерді өзара анықтайтын болады.

Сайыстың ашылуына Олимпиада ойындарының чемпионы, еңбек сіңірген спорт шебері Ермахан Ибраимов және КСРО-ның бес дүркін чемпионы, Атырау боксының мақтанышы Болат Теміров қатысты.

Айта кету керек, Атырау қаласында Азия төрешілерінің емтихан жұмыстары жүруде. Азиялық төрешілер түске дейін теориялық емтихан тапсыратын болса, түстен кейін Халықаралық турнир кезінде өз біліктіліктерін тәжірбие жүзінде іске асырады.

 

 

Сондай-ақ

ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚАЗБЕК КАРАМУЛЛИН ТУРНИРІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

  Алматы қаласының күрес федерациясы грек-рим күресінен кіші жасөспірімдер арасында тұңғыш рет Теміржолшылар және ардагерлер …