Басты бет / Бокс / ГОЛОВКИНМЕН БОКСТАСАТЫН БІР ҒАНА БОКСШЫ БАР

ГОЛОВКИНМЕН БОКСТАСАТЫН БІР ҒАНА БОКСШЫ БАР

 

Энди Ли — Головкинмен бокстасатын жалғыз боксшы, — дейді атақты Fightnights.com  бокс сайты.

Өз кезегінде Ирландиялық боксшы Головкинмен кездесуге дайын екенін жеткізді.Энди Ли Ирландия еліндегі өте танымал боксшылардың бірі. Қазіргі кездегі шынымен Головкинге қарсы жекпе-жекке шыққысы келетін жалғыз боксшы. Ол атақ-абыройын құртып, пиар туғызатын боксшы емес, — дейді спорт порталы.

Айта кету керек, Головкин мен Энди арасындағы кездесу 2014 жылға жоспарланған болатын. Бастапқы келісім-шарт сәтті өткенімен, Геннадий Головкиннің әкесі өмірден озуына байланысты кейнге қалдырылған болатын.

32 жасар Ирландиялық боксшы кәсіпқой бокста 37 кездесу өткізіп, оның 34-інде жеңіске жеткен. 24 нокаут. Тек үш рет жеңіліске ұшыраған. Соңғы рет ол Британдық Билли Джо Сондерстен ұпай санымен жеңіліп,  WBO титулынан айырылған болатын.

Бір қызығы Головкин мен Ли өзара әуесқойлар арасында кездесіпті. 2003 жылғы әлем чемпионатында Геннадий чемпион атанып, Лиді ұпай санымен жеңген болатын.

Сондай-ақ

АСТАНА-АРЕНАНЫҢ ШАТЫРЫ ЖАБЫЛАТЫНЫ ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ

  Грекия елінің Sportdog.gr спорт порталы Еуропа Лигасы топтық кезеңінің  төртінші кездесуі алдындағы «Астана» — «Олимпиакос» ойынына баға …