Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Күрес / АТЫРАУЛЫҚ БАЛУАН МАҚСАТ ЕРЕЖЕПОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

АТЫРАУЛЫҚ БАЛУАН МАҚСАТ ЕРЕЖЕПОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Үндістанның Нью-Дели қаласында грек-рим күресінен Азия чемпионатының бірінші жарыс күнінде бес салмақ дәрежесі (66, 75, 80, 98, 130) бойынша медальдар сарапқа салынды.

75 келі салмақта белдескен Атыраулық балуан Мақсат Ережепов алтын жүлдегер атанды.  Мақсат алғашқы кездесуінде қытайлық спортшыдан ұтылып жатып, намысты қолдан бермеді. Қарсыласын бес ұпайлық әдіске тастаған жерлесіміз ширек финалға жолдама алған еді. Мақсаттың финалдағы қарсыласы кореялық Д.Пак болды. Биылғы ел чемпионы ақтық сында отандасымыз Корея елінің балуанын қапы қалдырды.

Жалпы бұл салмақта 12 балуан бақ сынасқан болатын.

Мақсат Атырау облысындағы грек-рим күресінен ересектер арасында шығып отырған алғашқы Азия чемпионатының чемпионы.

Сондай-ақ

ДЕНИС ТЕН МЕН АЛЕКСЕЙ ЯГУДИН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА

  Әйгілі мәнерлеп сырғанаушылар Денис Тен және Алексей Ягудин Алматыға келеді Мәнерлеп сырғанаудың хас шеберелері, …