Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Күрес / БАЛУАНДАР ӘЗІРБАЙЖАН КУБОГЫНАН 9 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

БАЛУАНДАР ӘЗІРБАЙЖАН КУБОГЫНАН 9 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында грек-рим күресінен «Әзірбайжан Федерациясының Кубогы» Халықаралық турнирі өтті.

Биылғы додаға Тәжістан, Украина, Өзбекстан, Латвия, Ресей, Түркия, Иран, Грузия, Қазақстан, Беларусия және Әзірбайжан балуандары қатысты.

50 келі салмақта Нұрсұлтан Базарбаев күміс жүлдегер атанды. Ол финалда Ирандық балуанға есе жіберді. Осы салмақта Ерназар Косов қола жүлде еншіледі.

85 келі салмақ дәрежесінде Еламан Аюп та ақтық сында Иран балуанына есе жіберіп, екінші орыннан көрінді. Осы салмақтағы қос қола Андрей Егоров пен Дәурен Амангелдиевке тиесілі.

Дінмұхамед Қошқар (46 кг), Асаухат Мұхамадиев (63 кг), Дәулет Жалғасов (76 кг) және Әсет Буриев (100 кг) Халықаралық турнирдің қола жүлдегерлері атанды.

 

Сондай-ақ

ДЕНИС ТЕН МЕН АЛЕКСЕЙ ЯГУДИН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА

  Әйгілі мәнерлеп сырғанаушылар Денис Тен және Алексей Ягудин Алматыға келеді Мәнерлеп сырғанаудың хас шеберелері, …