Осы күнгі архивтер: 05.05.2017

АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ ФИНАЛДА ӨЗБЕККЕ ҚАРСЫ ШЫҒАДЫ

  Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Абылайхан Жүсіпов 69 келіде финалға шықты.  Отандасымыз 1/2 финалда моңғолиялық Тувшинбат Буамбамен кездесіп, басым түсті. Еске сала кетейін, осыған дейін Ерік Әлжанов пен Василий Левит те финалға жолдама алған болатын. Осылайша Абылайхан құрлық бәсекесінің медалімен қоса әлем чемпионатына жолдама алды.  

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҰЛДЫЗДАР ЖЕҢІСКЕ ЖЕТУДЕ

Астана қаласында әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтуде. Бүгін спортшылар ширек финалға өту үшін сайысқа түсті. Іріктеу сайыстарында Қазақстан боксының жарқын өкілдері жеңіске жетуде. Олимпиада ойындарының қатысушысы, Оңтүстік Қазақстандық  Жайна Шекербекова 51 келі салмақта БҚО-лық Мансура Дүйсеханды жеңді. Алматылық екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Жамбылдық Рано Шадыхановадан басым түсті. Алматылық …

толық оқу»

БЕКДӘУЛЕТ ИБРАГИМОВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫНА ЖЕҢІЛДІ

  Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында тағы бір боксшымыз Өзбек қарсыласына есе жіберді. 64 келіде Бекдәулет Ибрагимов жартылай финалда Өзбекстандық Икболжон Холдаровқа қарсы тұрды. Тартысқа толы кездесуде отандасымыз қарсыласына есе жіберіп, құрлық чемпионатының қола жүлдесін қанағат тұтты.  

толық оқу»

АУЫР АТЛЕТИКАДАН ЖАСТАР ОЙЫНДАРЫ ӨТУДЕ

Шымкент қаласында IV жастар ойындары жалауын көтерді. Екінші жарыс күні 62 келі салмақта ұлдар және 58 бен 63 келі салмақтарда қыздар өзара мықтыны анықтады. Ұлдар: 62 келі. 1 орын — Игорь Сон (122+150) 2 орын —  Игорь Шварц (110+136) Сайхан Тайсуев (105+130) Қыздар: 58 келі. 1 орын — Жүніс Гүлдана (72+94) 2 орын …

толық оқу»

НИЯЗОВ ПЕН ЭЮБОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫНЫҢ АНДЕРКАРДЫНДА ЖҰДЫРЫҚТАСАДЫ

  Қазақстандық боксшылар Бақтияр Эюбов (12-0, 10 КО) және Димаш Ниязов (10-0-3, 4 КО) 16 маусымда АҚШ-тың Детройд қаласында өтетін бокс кешіне қатысады. Бұл кештің басты оқиғасы екі дүркін олимпиада чемпионы америкалық Кларесса Шилдс (2-0-0, 1КО) пен доминиканалық Мэри Рансьер (7-8-3, 5КО) арасындағы екінші орта салмақ дәрежесіндегі WBC Silver чемпионы …

толық оқу»

ЕШЕНОВ ПЕН ЖУРАВСКИЙ АНГЛИЯҒА ҰШЫП КЕЛДІ

Ернар Ешенов (5-0-0) пен Александр Журавский (13-2-0) Ұлыбританияға ұшып келді. Қос боксшы 12 мамыр күні Ұлыбританияда «ANTIDOTE» кәсіпқой бокс кеші қатысады. Ернар Ешенов шотландиялық боксшы Майкл МакГуркпен (8-0-0) WBC Youth Silver белбеуі үшін таласады. Александр Журавский Голландия боксшысы Стифен Даниомен (11-0-3) кездеседі. Жекпе жек жартылай орта салмақта өткізіледі. Сол кездесуде …

толық оқу»

ФИРУЗА ШАРИПОВА WBC International БЕЛДІГІНЕ ТАЛАСПАҚ

  Фируза Шарипова Магнитогорскте (Ресей) шілде айының 6 жұлдызында WBC International белдігіне таласпақ. Шариповадан бөлек бұл кеште тағы да 3 чемпиондық белдік ойнатылады. Бірақ, бұл кездеуге дейін Шарипова (4-1-0, 2КО) 27 мамырда Мәскеуде Shamo Boxing Promotions ұйымдастырып отырған кеште кездесу өткізеді. Сонымен қатар, Фируза Шарипова Астанада «Сарыарқа» велотрегінде шілде айының …

толық оқу»

ВАСИЛИЙ ЛЕВИТ ФИНАЛҒА ШЫҚҚАН ЕКІНШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ

  Василий Левит Азия біріншілігінің финалына шықты. 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Василий Левит Ташкентте өтіп жатқан Азия Чемпионатының финалына шықты. Жартылай финалда отандасымыз 24 жасар сириялық Гоуссун Алаа Элдинмен кездесіп, 1 раундта қарсыласы жарақат алып, Василий ұпай санымен жеңіске жетті.    

толық оқу»

ЕРІК ӘЛЖАНОВ АҚТЫҚ СЫНҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Ерік Әлжанов Азия біріншілігінің финалына шықты. 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін 26 жасар қазақстандық боксшы Ерік Әлжанов Ташкентте өтіп жатқан Азия Чемпионатының финалына шықты. Жартылай финалда отандасымыз 19 жасар түркіменстандық Нурягды Нурядиевпен кездесіп, жеңіске жетті.

толық оқу»

ӘБІЛХАН АМАНҚҰЛ ҚОЛАНЫ ҚАНАҒАТ ТҰТТЫ

75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін 19 жасар қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіліс тапты. Жартылай финалда отандасымыз 22 жасар өзбек нокаутері Исроил Мадримовпен кездесіп, 3 раундта екі боксшы да жарақат алып, кездесу тоқтатылды, төрешілердің берген басымдығымен, өзбек боксшысы финалға өтті. Қола медалды қанжығасына …

толық оқу»