Басты бет / Бокс / ДЖЕЙКОБСКЕ ҮЗІЛІС ЕМЕС, РЕВАНШ КЕРЕК

ДЖЕЙКОБСКЕ ҮЗІЛІС ЕМЕС, РЕВАНШ КЕРЕК

Америкалық бапкері Андре Розье BoxingScene басылымына берген сұхбатында өз шәкірті Дэниэл Джейкобстың жоспарлары жайлы айтып берді.

Бапкердің айтуынша Джейкобс ұзақ уақыт демалмайды. Жақын арада рингке оралуы ықтимал.
«Мамырдың ортасында ол жаттығуларына кіріседі. Сосын келесі қарсыластың кім болатынын анықтаймыз. Мен үшін Головкинмен қайта жұдырықтасқаны қолайлы. Бұл екі жігіт орта салмақта әлемнің үздіктері! Олар қанша жекпе-жек ұйымдастырса да барлығы керемет өтеді деп сенемін. Бүкіл әлем де бұны қалайды деген үміттемін», — деді ол.

Естеріңізде болса, қазақстандық боксшы 19 наурызда Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

Сондай-ақ

ГОЛОВКИН VS АЛЬВАРЕС АЛҒАШҚЫ КӨЗ ТҮЙІСТІРУ

Орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, …