Басты бет / Басқа түрлер / ФУТЗАЛДАН ІРІКТЕУ ТУРНИРІНІҢ АЛҒАШҚЫ ТУРЫНА ШОЛУ

ФУТЗАЛДАН ІРІКТЕУ ТУРНИРІНІҢ АЛҒАШҚЫ ТУРЫНА ШОЛУ

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2018 жылы Словенияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирін жеңіспен бастады. «Алматы Арена» спорт кешенінде өткен кездесуде Жозе Алесио Да Сильва шәкірттері Македония футзалшыларынан 3:0 есебімен басым түсті.

“Ғ“ тобындағы алғашқы матч Чехия – Дания арасында өтті. Аталмыш ойында 5:4 есебімен чехтар жеңіске жетті. Гол авторлары: Заруба (2), Словачек, Эль-Каз (өз қақпасына), Сейдлер – Эль-Каз, Йоргенсен, Бадран, Вейс.

Қазақстан – Македония  3:0

Голдар: Лео 12:38 (Дуглас), Жаманқұлов 18:17 (Лео), Ақбалықов 32:54 (Дуглас)

Қазақстан құрамасы: Игита, Лео, Есенаманов, Першин, Дуглас (алғашқы бестік), Шамро, Кнауб, Жаманқұлов, Сүлейменов (капитан), Довгань, Иманалин, Тұрсағұлов, Ақбалықов, Оразов.

Македония құрамасы: Петровски, Крстевски, Агуши, Петрович, Де Соуза (алғашқы бестік), Удовалиев, Левески (капитан), Исмаили, Глигоров, Леовски, Мицевски, Тодоровски, Сефери.

Қақпаға бағытталған соққылар: 49 – 24

Дәл бағытталған соққылар: 17 – 7

Қиыс кеткен соққылар: 20 – 9

Тосқауыл қойылған соққылар: 12 – 8

Маңдайшаға тиген соққылар: 1 – 0

Ереже бұзу: 5 – 4

Бұрыштама: 12 – 5

Сары қағаз: 2 – 0 (Лео, Дуглас)

Қызыл қағаз: 0 – 0.

  • Қазақстан сапында Альберт Ақбалықов дебюттық кездесуінде алғашқы голын соқты. «Інжу» командасының түлегі алаңда 4 минут 4 секунд (бірінші таймда – 01:10, екінші таймда – 4:04 минут) өткізді.
  • Матчта Игита – 5 (3 соққыны Де Соуза бағыттады), Петровски – 14 сейв жасады.
  • Қазақстан қатарында Дуглас – 4, Лео – 3, Жаманқұлов – 3 реттен Петровски қорғаған қақпаға дәл соққы бағыттады.
  • Екінші кезеңнің 4:47 секундында қақпашы Игита ойындағы жалғыз соққысын бағыттады
  • Қазақстан құрамасы өткен жылдың 22-ші қыркүйегінен бергі алғашқы ресми ойынын өткізіп, жеңіске жетті. Сол кездесуде Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылғы әлем чемпионатының (Колумбия) 1/8 финалында Испанияға 2:5 есебімен есе жіберген болатын.
  • Алесио бапкердің көңілінен шықпаған Николай Пенгрин, Павел Таку және жарақатына байланысты тізімге енбеген Дәурен Нұрғожин мен Александр Гребаностардың орнын басқан Қайрат Иманалин (13 нөмір), Дәурен Тұрсағұлов (15), Біржан Оразовтар (20) бірде-бір рет алаңға шыққан жоқ.

І турдан кейінгі “Ғ“ тобындағы турнирлік кесте:

 

ҚұрамаОйынЖеңісТеңЖеңілісГолдарҰпай
 1Қазақстан    1    1  0      0   3-0   3
 2Чехия    1    1  0      0   5-4   3
 3Дания    1    0  0      1   4-5   0
 4Македония    1    0  0      1   0-3   0

 

Іріктеу турнирінің алғашқы турында өткен өзге матчтар:

“А“ тобы. Грузия. Тбилиси.

Италия – Беларусь  2:1

Голдар: Кавинато, Кальдеровалли – Жигалко.

Грузия – Нидерланды  1:1

Голдар: Себискверадзе – Эль-Ганнути.

“В“ тобы. Әзірбайжан. Баку.

Венгрия – Албания  4:3

Голдар: Рабиль, Давид, Дрот, Хорват – Сельманай, Мейзини, Карая.

Әзірбайжан – Босния және Герцеговина  5:4

Голдар: Эдуардо, Кардоза, Болинья (3) – Маркич, Павлович, Иванкович.

“С“ тобы. Украина. Киев.

Хорватия – Черногория  4:0

Голдар: Грицич, Сутон, Новак, Маринович.

Украина – Бельгия  1:0

Гол: Коваль.

“D“ тобы. Румыния. Кэлэраши.

Португалия – Латвия  2:1

Голдар: Коэлью (2) – Ерофеев.

Румыния – Финляндия  5:5

Голдар: Рэдуку, М. Матей, Ф. Матей (пенальти), Чомо – Юркияйнен, Тиркконен, Аутио (2), Тейттинен.

“Е“ тобы. Латвия. Элблак.

Испания – Молдова  7:0

Голдар: Руис, Лашку (өз қақпасына), Лин, Тольра, Кампос (2), Леон.

  • Бұл топтағы Польша – Сербия кездесуі әлі аяқталған жоқ.

“Ғ“ тобы. Қазақстан. Алматы.

Чехия – Дания  5:4

Голдар: Заруба (2), Словачек, Эль-Каз (өз қақпасына), Сейдлер – Эль-Каз, Йоргенсен, Бадран, Вейс.

Қазақстан – Македония  3:0

Голдар: Лео, Жаманқұлов, Ақбалықов.

“G” тобы. Түркия. Коджаэли.

Түркия – Словакия  1:8

Голдар: Эзджан – Драговски, Доша, Кийовски (3), Багна, Рицк, Беланик.

Ресей – Франция  5:0

Голдар: Лима (2), Робиньо, Афранасьев, Чишпала.

І турдың статистикасы:

  • 22 құрама (аяқталмаған Польша – Сербия командаларынан бөлек) алғашқы турда қақпаға 772 соққы бағыттаған. Соның 320-сы қақпаға дәл ұшқан.
  • І турда 71 гол соғылды.
  • Бұрыштама 203 рет көтерілген.
  • 18 футзалшы сары қағазбен жазаланған.
  • Алматылық «Қайрат» футзал клубының ойыншысы Золтан Дрот Венгрия сапында Албания қақпасына гол соқты.
  • Ең ірі есеп Румыния – Финляндия кездесуінде тіркелді. Аталмыш матч 5:5 есебімен аяқталды.
  • Бес құрама өз қақпасына гол жібермей жеңіске жетті (Хорватия, Ресей, Қазақстан, Украина, Испания).

Екінші тур ойындары тоғызыншы сәуір күні өтеді. Ертең, “Ғ“ тобында Қазақстан ұлттық құрамасы «Алматы Аренада» Чехияға қарсы кездесу өткізеді.

Дереккөз: УЕФА-ның ресми сайты.

Материалды дайындаған: Ильяс СӘРСЕНБАЙ.

 

 

Сондай-ақ

АБЫЛАЙХАН ҚҰСАЙЫНОВ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТУРАЛЫ

25 жастағы кәсіпқой боксшы Канадада өткізген Абылайхан Хұсайынов соңғы кездесуі туралы айтып берді.  — Абылайхан, алдымен …