Басты бет / Бокс / Астана Арландары / ӨЗ ЖЕРІМІЗДЕ ӨЗБЕКТЕРДІ ОЙСЫРАТА ЖЕҢУІМІЗ КЕРЕК

ӨЗ ЖЕРІМІЗДЕ ӨЗБЕКТЕРДІ ОЙСЫРАТА ЖЕҢУІМІЗ КЕРЕК

Бүкіләлемдік бокс сериясында өнер көрсететін «Astana Arlans» клубының бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков алдағы кездесу туралы пікір білдірді деп хабарлайды Vesti.kz.

Ақүрпеков кеше ғана ресейліктерді жеңген «Astana Arlans» — тың өзбек боксшыларына қарсы қалай дайындалып жатқанына тоқталды.

«Өзбекстандық командаға қарсы шығатын боксшылар дайындығын әлдеқашан бастап кеткен. Сол бокс академиясында. Ұлттық құрамамен бірге. Жақын күндері АҚШ және Германия боксшылары келеді. Солармен бірге дайындықты өткіземіз», — деген бапкер өз алаңымызда өзбектерді ойсырата жеңу керектігін айтты.

«Мен Ұлттық құрама сапынан ауыр салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаевты шақыртқым келеді. Егер мүмкін болса әрине. Қазір команда сапында ауыр салмақта өнер көрсететін Олжас Бұқаевты әлі толық тексеріп үлгерген жоқпыз. Ал өзбекстандық команда сапында ауыр салмақта мықты боксшылар бар. Біз бұл кездесуді 5:0 есебімен жеңу керекпіз. Сондықтан да команданы күшейту керекпіз. Қонқабаев қосылса жақсы болар еді», — дейді ол.

Айта кетейік, «Astana Arlans» пен «Uzbek Tigers» арасындағы кездесу 18 ақпан күні Талдықорған қаласында өтеді.

Сондай-ақ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

  Сарығашта жасөспірімдер және қыздар арасында қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты басталды.  2000-2001 жылы туылған спортшылар …