Басты бет / Допинг / РЕСЕЙЛІК БОКСШЫ РИО ОЛИМПИАДАСЫНДАҒЫ МЕДАЛЬЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

РЕСЕЙЛІК БОКСШЫ РИО ОЛИМПИАДАСЫНДАҒЫ МЕДАЛЬЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

Халықаралық төрелік соты Ресейлік боксшыны Рио Олимпидасының күміс жүлдесінен айырды.

Миша Алоянның қан құрамынан рұқсат етілмеген препараттар табылған.

Халықаралық Олимпиада Комитеті Алоянның бірнеше рет антидопингтік тәртіптерді бұзғанын айтқан. Кейін тексеріс кезінде сынамалары оң нәтиже берген.

Айта кетейік, Миша Алоян 52 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. жұдырықтасады. Ол Олимпиада финалында Өзбекстандық Шахобидин Зоировқа есе жіберген болатын.

Боксшының бапкері  Эдуард Кравцов алдыңғы мәлімдемелерінде шәкірінің жөтелге қарсы препараттар қолданғанын айтқан болатын.

 

 

Сондай-ақ

ЕЛДОС СМЕТОВ ҚАЗАҚ БОЙЫНДАҒЫ КҮШ ТУРАЛЫ