Басты бет / Бокс / ЖАҚИЯНОВТЫ АҚШ-ТА ЕШКІМ БІЛМЕЙДІ

ЖАҚИЯНОВТЫ АҚШ-ТА ЕШКІМ БІЛМЕЙДІ

БАҚ: Жақиянов бүкіл әлемде жұдырықтасып шықты, бірақ АҚШ-та оны ешкім білмейді

Asianboxing.info сайты қазақстандық Жанат Жақиянов пен америкалық Роши Уоррен жекпе-жегі жайлы пікірін жазды.

«Азиялық боксшының жекпе-жегіне Огайо штаты қызық орын. Соққысы ауыр Жақиянов үшін бұл кездесу – жоғары деңгейге көтерілу. Сондай-ақ, бұл ол үшін америкалық дебют. Қазақстандық боксшы бүкіл әлемде жұдырықтасып шықты, бірақ АҚШ-та атағы шыққан жоқ – ол жақта оның бір-екі кездесуі ғана теледидардан көрсетілді. Уоррен – талантты боксшы, қағаз жүзінде бұл панчер мен скиллстердің жекпе-жегі секілді көрінеді», — деп жазды басылым.

Айта кетейік, Жақиянов кәсіпқой бокста Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Польша, Болгария, Ұлыбритания, Швейцария, Таиланд, Гонконг және Аустралияда жұдырықтасып үлгерді.

Ал Жақиянов – Уоррен жекпе-жегі 10 ақпанда америкалық Огайо штатының Толедо қаласында өтеді.

Сондай-ақ

ШОРТ-ТРЕКШІЛЕР ІРІКТЕУДЕН СҮРІНБЕЙ ӨТТІ

  Беларусь астанасы Минск қаласында шорт-трек спортынан әлем кубогының соңғы алтыншы кезеңі өтуде. 10-шы ақпан …