Басты бет / Велоспорт / «ХАЙНАНЬ-2016» АСТАНАНЫҢ ЖЕҢІСІ

«ХАЙНАНЬ-2016» АСТАНАНЫҢ ЖЕҢІСІ

Астана» командасының велошабандозы Алексей Луценко «Хайнань туры» көпкүндігінің  жеңімпазы атанды.

Луценко алтыншы кезеңнен кейін жалпы есепте көш бастаған болатын. Тоғызыншы турға дейін жеңісті уысынан шығармай, көпкүндіктің қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды. Екінші орынды 17 секунд айырмашылықпен Пшемыслав Немец алса, оның командаласы словениялық Матей Мохорич үшінші орынға табан тіеді.

Сонымен қатар, Луценко «Үздік азиялық велошабандоз» номинациясында жеңіске жетті.

«Биылғы маусымды керемет аяқтадық. Екі кезеңді жеңдім және «Астана» құрамасы тур жеңімпазы атанды. Командама көп рахмет. Олардың көмегінсіз мен ештеңе бітіре алмас едім. Маусымды керемет көңіл-күймен аяқтап отырмыз. Бәріне жақсы демалыс пен мықты денсаулық тілеймін». — деді Луценко жарыс бітісімен.

Сондай-ақ

АСТАНА-АРЕНАНЫҢ ШАТЫРЫ ЖАБЫЛАТЫНЫ ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ

  Грекия елінің Sportdog.gr спорт порталы Еуропа Лигасы топтық кезеңінің  төртінші кездесуі алдындағы «Астана» — «Олимпиакос» ойынына баға …