Басты бет / Басқа түрлер / ОРАЛДА А.ШАЙХИЕВ АТЫНДАҒЫ САМБО ТУРНИРІ ӨТТІ

ОРАЛДА А.ШАЙХИЕВ АТЫНДАҒЫ САМБО ТУРНИРІ ӨТТІ

 

Оралда А.Шайхиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

29-30 қазан аралығында Орал қаласында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО чемпионы, Әлем чемпионы және Әлем Кубогының иегері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы самбо және әскери самбодан халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

Жарыс қорытындысы бойынша:

48 келі – батыс қазақстандық Бақыт Ерасыл

52 келі – батыс қазақстандық Армат Қабдолов

57 келі – батыс қазақстандық Үміталиев Тоқтар

62 келі – ресейлік Жусувалиев Амир

68 келі – батыс қазақстандық Неғмет Серікбай

74 келі – армениялық палуан Габриелян Роберт

85 келі – оңтүстік қазақстандық Айдарбек Тоқтарбек

90 келі – батыс қазақстандық Хамзин Ерназар

100 келі – батыс қазақстандық Сүлейменов Олжас

100 келіден жоғары салмақта батыс қазақстандық Темірлан Көлбай.

Ал әскери самбодан 62 келі салмақта жерлесіміз Қажиақпаров Шыңғыс бірінші болса, 74 келіде атыраулық палуан Батыршиев Қанағат алтыннан алқа тағылды.

Жалпы есеп бойынша батыс қазақстандық палуандар самбодан 7 алтын, 4 күміс және 3 қола жүлдеге ие болды. Әскери самбодан қоржынымызда 1 алтын, 1 күміс және 4 қола барын айта кеткен жөн.

Естеріңізге сала кетейік, жарысқа Армения, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан елдерімен қатар Алматы қаласы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарының палуандары қатысқан болатын.

Турнир жоғары дәрежеде өтіп, жеңімпаздар 50 000, күміс жүлде иегерлері 30 000 және қола жүлдеге ие болғандар 15 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алып, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломымен, медальдарымен марапатталады.

Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы

Сондай-ақ

АСТАНА-АРЕНАНЫҢ ШАТЫРЫ ЖАБЫЛАТЫНЫ ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ

  Грекия елінің Sportdog.gr спорт порталы Еуропа Лигасы топтық кезеңінің  төртінші кездесуі алдындағы «Астана» — «Олимпиакос» ойынына баға …