Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Ауыр атлетика / АННА НҰРМҰХАМБЕТОВА ЛОНДОН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

АННА НҰРМҰХАМБЕТОВА ЛОНДОН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

 

Қазақстандық ауыр атлет Анна Нұрмұхамбетова күтпеген жерден Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Олимпиада Комитетінің ресми сайтында жазылған.

2012 жылы Ұлыбритания елінде өткен Олимпиада ойындарында Анна бесінші орынды иеленген болатын. 69 келі салмақта сынға түсіп, үшінші және төртінші орындарды иемденген Беларусь спортшылары Марина Шкерманкова мен Дина Сазоновец допинг қолданды деп айыпталды. Нәтижесінде Аннаға Олимпиада қоласы бұйырып отыр.

Дәл осындай жағдайда жеңіл атлет Ольга Рыпакова Пекин Олимпиадасының қола жүлдесін иеленген болатын.

 

Сондай-ақ

ДЗЮДОШЫЛАР РЕЙТИНГІ ЖАҢАРДЫ

  Абу Дабидегі турнирден кейін IJF әлемдік рейтингке өзгеріс енгізді. Жаңа рейтингтегі (30.10. 2016 ж.) …