Басты бет / Қысқы спорт / ШОРТ-ТРЕКШІЛЕР ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ СОҢҒЫ КЕЗЕҢІНЕ ҚАТЫСАДЫ

ШОРТ-ТРЕКШІЛЕР ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ СОҢҒЫ КЕЗЕҢІНЕ ҚАТЫСАДЫ

Беларусь астанасы Минск қаласында шорт-трек спортынан әлем кубогының соңғы алтыншы кезеңі өтеді.

10-12 ақпан аралығында өтетін сайыс әлем кубогының соңғы кезеңі болып табылады.

Дәл қазіргі уақытта Мадығали Қарсыбеков бастаған Қазақстан құрамасы Минск мұз айдынында дайындалу үстінді. Кеше ғана универсиада ойындарында 1 күміс және 3 қола медаль иеленген шорт-трекшілеріміз бұл жолы алтын медаль алуға тырысатын болады.

Құрама көшбасшысы Нұрберген Жұмағазиевтің айтуы бойынша Минске Корея мен Қытай құрамасы екінші құраммен келген. Негізігі фабориттердің бірі Венгрия құрамасы келмеген.

«Универсиада ойындарында сәтсіз өнер көрсеттік. Командалық эстафетада алған қола медаліміз алтынға пара-пар болды. Жеңіске жету үшін сәттілік жетіспеді. Енді әлем кубогында барымызды салып, жоғары орындардан көрінуге тырысамыз. Бүгін Минск мұз айдынында жаттығу жұмыстарын өткіздік. Барлығы жақсы, мұз айдынының сапасы тамаша екен», — дейді Нұрберген.

Сондай-ақ

ШОРТ-ТРЕКШІЛЕР ІРІКТЕУДЕН СҮРІНБЕЙ ӨТТІ

  Беларусь астанасы Минск қаласында шорт-трек спортынан әлем кубогының соңғы алтыншы кезеңі өтуде. 10-шы ақпан …