Басты бет / Бокс / УОРД КОВАЛЕВТІ ҰПАЙ САНЫМЕН ҰТТЫ

УОРД КОВАЛЕВТІ ҰПАЙ САНЫМЕН ҰТТЫ

 

 

Лас-Вегас, АҚШ. Жартылай ауыр салмақтағы WBA, IBF және WBO (79,4 кг) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, ресейлік Сергей Ковалёв пен америкалық Андре Уорд арасындағы кездесу мәресіне жетті. Төрешілер шешімімен Уорд жеңіске жетті.

Екінші раундта Ковалев қарсыласын нокдаунға жіберген болатын. Бірақ бұл басымдылықты 12 раунд бойы соңына дейін ұстаудың реті болмады.

Статистика:

Уорд жартылай орта салмақта WBA Super, IBF, WBO чемпионы атанды.

Жекпе-жек қорытындысы: 114-113, 114-113, 114-113

Бұл Ковалев үшін кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңіліс.

Екі боксшы да Геннадий Головкиннің қарсыласы атануы да мүмкін. Айта кету керек, Головкин арнайы жекпе-жекті тамашалау үшін «T-Mobile Arena»- да болды.

 

Сондай-ақ

АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ: АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ СӘТТІ БАСТАЛДЫ

69 келі салмақта 2016 жылғы Қазақстан чемпионы Абылайхан Жүсіпов Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы …