Басты бет / Бокс / БАТЫР БАБАЛАР ТУРНИРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

БАТЫР БАБАЛАР ТУРНИРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

26-30 сәуір аралығында Атырау қаласында Қазақ батырлары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының рухтарына арналған IX-шы Халықаралық бокс турнирі мәресіне жетті.

Бес күнге созылған бокс бәсекесіне Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Тәжікстан және Қазақстан мемлекеттерінен 100-ге жуық былғары қолғап шеберлері бақ сынады.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстандық боксшылар 4 алтын, 5 күміс және 11 қола медальмен жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Ресейдің «Ахмад» клубының боксшылары 3 алтын және 4 қола медальмен екінші орынды иеленді. Үшінші орында 2 алтынмен Қытай құрамасы.

Жарыс ұйымдастырушылары Халықаралық турнирдің барынша әділ өткенін айтады. Себебі Азия құрлығының төрешілері осы жарыста өздерінің біліктіліктерін сыннан өткізіп, төрелік еткен жұмыстарына баға алып отырды. AIBA «2 жұлдызды» төрешісі атану үшін 15 келген мамандар сынақтан өтті.

Қазақстандық төреші Қайрат Жұманқұлов сайыстың «ең үздік төрешісі» атанды. «Ең үздік боксшы» болып Қырғызстандық Эсенбекуулу Ақылбек танылды.

Қазақ батырлары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының рухтарына арналған IX-шы Халықаралық бокс турнирінің қорытындысы:

46-49 кг:

1 орын — Абумуслимов Ислам (Ресей)

2 орын — Абдумуратов Фазилжон (Өзбекстан)

3 орын — Серік Данияр (Қазақстан)

3 орын —  Айтжанов Алишер (Қазақстан)

52 кг:

1 орын — Мусаев Жанибек (Қырғызстан)

2 орын — Салауатов Рашид (Қазақстан)

3 орын — Эсенбекуулу Акылбек (Қырғызстан)

3 орын — Кучкаров Абдолла (Өзбекстан)

56 кг:

1 орын — Куралов Бекжан (Қазақстан)

2 орын — Абдувахабуулу Канатбек (Қырғызстан)

3 орын — Тамемов Ерлан (Қазақстан)

3 орын — Жанузак Мадияр (Қазақстан)

60 кг:

1 орын — Ордабаев Ержан (Қазақстан)

2 орын — Музаффаров Сардор (Өзбекстан)

3 орын — Жүсіпбек Бейбарыс (Қазақстан)

3 орын — Цуцаев Умар (Ресей)

64 кг:

1 орын — Хамзаев Беслан (Ресей)

2 орын — Сейтжанов Рай (Қазақстан)

3 орын — Сапенов Қазыбек (Қазақстан)

3 орын — Окташ Марғұлан (Қазақстан)

69 кг:

1 орын — Конг Маматурсун (Қытай)

2 орын — Мелибаев Фазледин (Өзбекстан)

3 орын — Даукенов Даулет (Қазақстан)

3 орын — Құрамысов Бекболат (Қазақстан)

75 кг:

1 орын — Хатаев Шамил (Ресей)

2 орын — Мардонов Козимбек (Өзбекстан)

3 орын — Хабиболлаев Алишер (Өзбекстан)

3 орын — Тапенов Абдулкерим (Ресей)

81 кг:

1 орын — Сабиров Нұрлан (Қазақстан)

2 орын — Құсайынов Шаймұрат (Қазақстан)

3 орын — Қартбаев Жәнібек (Қазақстан)

3 орын — Түймебек К. (Қазақстан)

91 кг:

1 орын — Базарбай Мағжан (Қазақстан)

2 орын — Төлеубаев Саламат (Қазақстан)

3 орын — Римолла Абдушарит (Қытай)

3 орын — Джангиев Ибрагим (Ресей)

91+ кг:

1 орын — Мухаммад Ахмад (Қытай)

2 орын — Сермаханов Нұрболат (Қазақстан)

3 орын — Атсаламов Замбек (Ресей)

3 орын — Мухаммад Ахмад (Қытай)

 

Сондай-ақ

ЕЛДОС СМЕТОВ ЕУРОПА КУБОГЫНА ҚАТЫСАДЫ

Дзюдодан 14-16 шілде күндері Германияның Саарбрюккен қаласында Еуропа кубогы жарысы өтеді, деп хабарлайды Массагет.кз. Халықаралық …