Басты бет / Без рубрики / РАЙЫМБЕК РАНТАЕВ БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

РАЙЫМБЕК РАНТАЕВ БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

 

Қызылордалық Райымбек Рантаев белбеу күресінен Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді!

Ресейдің Набережные Челны қаласында белбеу күресінен өткен Әлем чемпионатында  Шиелі ауданының тумасы Райымбек Рантаевкүміс жүлдені иеленді. 62 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Райымбек халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

Рантаев 1996  жылы Шиелі ауданында  дүниеге келген. Ол биылғы жылы Астана қаласында белбеу күресінен ересектер арасында өткен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанса, Жаңақорған ауданында Қазақстан кубогын иеленді. Түркіменстанның Ашхабад қаласында ересектер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдесін еншіледі. Жасөспірімдер және жастар арасында Қазақстан чемпионатының жеңімпазы.

Сондай-ақ, қазақ күресінен жасөспірімдер арасында екі мәрте Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Бразилия, 2012 ж.). ҚР спорт шебері. Жаттықтырушылары: Ғабит Тәжбенов, Мейрамбек Тәжбенов.

Ол Қорқыт ата атындағы ҚМУ –нің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша 3-курста оқиды.

Аталған әлем чемпионатына 42 мемлекеттің спортшылары  бақ сынасты.

Сондай-ақ

ВОЛЕЙБОЛДАН ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІ СӘТСІЗ БАСТАЛДЫ

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік Гран При кезеңінің алғашқы кезеңін Оңтүстік Корея құрамасымен болған матчтан …