Басты бет / Соңғы жаңалықтар / ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсұфинов Данияға қарсы кездесуге шақырту алған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады. 
Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны қарашаның 2-і, Талғарда басталады.

Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Самат Отарбаев («Ақтөбе»), Алмат Бекбаев («Ордабасы»).

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков («Астана»), Юрий Логвиненко («Астана»), Сергей Малый («Астана»), Дмитрий Шомко («Астана»), Гафуржан Суюмбаев («Қайрат»), Елдос Ахметов («Ертіс»), Рафкат Аслан («Тобыл»), Ренат Абдулин («Ордабасы»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Евгений Горячий («Шахтер»), Эльдар Әбдірахманов («Ақжайық»), Ильяс Әмірсейітов («Жетісу»).

Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мұжықов («Астана»), Асхат Тағыберген («Астана»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Альмир Мухутдинов («Тобыл»), Санат Жұмаханов («Оқжетпес»), Мардан Төлебек («Ордабасы»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Максат Байжанов («Шахтер»), Айбар Нұрыбеков («Шахтер»), Руслан Валиулин («Ақжайық»), Рақымжан Розыбакиев («Ақжайық»), Жақып Қожамберді («Оқжетпес»), Әлішер Сүлей («Тараз»), Абзал Таубай («Тараз»), Дидар Жалмұқан («Актобе»).

Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев («Астана»), Сергей Хижниченко («Тобыл»), Роман Мұртазаев («Ертіс»), Жасұлан Молдақараев («Оқжетпес»).

Естеріңізге сала кетсек, ӘЧ-2018 іріктеу кезеңіндегі Дания — Қазақстан матчы қарашаның 11-і, Копенгагенде өтеді. Аталмыш кездесуді «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойынның басталу уақыты — 00:15.

Сондай-ақ

ҚАНАТ ИСЛАМНЫҢ АЛЛОТЕЙДІ ҚҰЛАТА АЛМАҒАН СЕБЕБІ

  Жасырары жоқ, бұл кәсіби рингтегі ең ауыр жекпе-жегім болды. Осыған дейінгі айқастарымда да соңғы …