Басты бет / Допинг / СВЕТЛАНА ПОДОБЕДОВА: КҮТУДЕН БАСҚА АМАЛ ЖОҚ

СВЕТЛАНА ПОДОБЕДОВА: КҮТУДЕН БАСҚА АМАЛ ЖОҚ

 

Ауыр атлет Светлана Подобедова соңына дейін допинг дауы өз шешімін табады деп сеніп келген. Өз кезегінде Қазақстан ауыр атлетика федерациясы қорғаушылар тобы спортышалрымыздың құқығын қорғап, әлемдік аренада жеңген медальдары мен атақ абыройларын аман алып қалуға барын салатынын мәлімдеген.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан ағзаларынан тыйым салынған препараттардың ізі табылған 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшыларға қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алды. Мұндай ақпарат Халықаралық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында да жарияланды.

Халықаралық Олимпиадалық комитетінің тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжің Олимпиадасына қатысқан спортшылардың «А» және «В» допинг сынамаларын қосымша тексеру қорытындысы бойынша қазақстандық еркін күрес палуаны, күміс жүлдегер Таймураз Тигиевті сол Ойындардан шеттеттіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, наградаларын қайтарып алу туралы шешім шығарды.
2012 жылы Лондон Олимпиадасына қатысқан спортшылардың сынамаларын тексеру қорытындысы бойынша тәртіптік комиссия қазақстандық ауыр атлеттер Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манезаны сол Ойындардан шеттетті. Сонымен қатар, комиссия спортшылардың нәтижелерінің күшін жойып, наградаларын қайтарып алу туралы шешім шығарды.
Спортшыларға қолданылатын жазалардың мерзімін тиісті халықаралық федерациялар анықтайды.
Бұл мәселе бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп жақын уақытта, осындай жағдайлармен жұмыс жүргізіп отырған шет мемлекеттердің тәжірибелерімен танысатын болады. Және де мәселенің заңнамалық аспектілерін қарастырады.
Естеріңізге сала кетейік, «әділ спорт» қағидалары мен таза спортшыларды қорғау және допингті қолдануға «нөлдік төзімділік» саясатын қолдау — Қазақстан Республикасының спорт саласындағы басты бағыты.

«Барлығы өз ретімен шешіледі деп сенемін. Жақсылыққа үміт артамыз, жамандық өзі кетер. Допинг дауына Ресейлік спортшылармен бірге түстім. Қазіргі саясат негізі Ресей спортшыларын құрту. Қанша жыл сайыстарға қатысып келеміз. Жарыс алдында да, жарыс өткен соң да сынамалар тапсырдық. Ешқандай кемшілік болмады. Саясаттың кесірінен спортшылар құрбан болуда. Бар қалғаны шеттелген уақытымызды күтіп, жаңа сайыстарға дайындалу. Әділ екенімізді, спорттың бір бөлшегі екенімізді осылай ғана дәлелдей аламыз. Бір жанкүйеріміз бізден теріс айналар, біреуі қайтып келер. Спортпен шұғылданып, өз уақытымызды күтумен өткереміз. Басқа қандай амал бар?, — деді Подобедова.

Светлана Подобедова Токио олимпиадасына дейін барлығы реттеліп өз орнына келер деп үміттенеді.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының мәліметі бойынша қорғаушылар ауыр атлеттерімізді соңына дейін қорғайтын болады.

Сондай-ақ

ҚАНАТ ИСЛАМНЫҢ АЛЛОТЕЙДІ ҚҰЛАТА АЛМАҒАН СЕБЕБІ

  Жасырары жоқ, бұл кәсіби рингтегі ең ауыр жекпе-жегім болды. Осыған дейінгі айқастарымда да соңғы …