Басты бет / Қысқы спорт / ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН КҮМІС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ

ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН КҮМІС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ

«Халық аренада» өткен финалдық кездеу 0:1 есебімен ресейліктердің пайдасына аяқталды. Кездесудегі жалғыз шайбаны матчтың 41-минутында Даниил Ильин соқты.

Осылайша Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші Универсиада ойындарының финалына шығып, үшінші рет күміс жүлде алып отыр. Бұған дейін 2013 жылы Трентинода Қазақстан құрамасы Канададан ұтылса, 2017 жылы Гранадада өткен бәсекенің финалында Ресей құрамасынан жеңіліп қалып еді. 

 

Ал Ресей құрамасы болса хоккейден Универсиада ойындарында алтыншы рет топ жарды.

Айта кетейік, бұған дейін Канада Универсиаданың қола жүлдегері атанған еді. «Үйеңкі жапырақ» елінің  хоккейшілері үшінші орынға талас матчында Чехия хоккейшілерімен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті.

 

Сондай-ақ

ШОРТ-ТРЕКШІЛЕР ІРІКТЕУДЕН СҮРІНБЕЙ ӨТТІ

  Беларусь астанасы Минск қаласында шорт-трек спортынан әлем кубогының соңғы алтыншы кезеңі өтуде. 10-шы ақпан …