Басты бет / Басқа түрлер / УНИВЕРСИАДАДА ҚАНША МЕДАЛЬ АЛАМЫЗ?

УНИВЕРСИАДАДА ҚАНША МЕДАЛЬ АЛАМЫЗ?

Алдағы Универсиада-2017 Қазақстан жалпы командалық есепте жүлделі орынды алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы үкімет отырысында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді деп, хабарлайды Today.kz тілшісі.

«Қазақстан тәуелсіздік жылдары 12 дүниежүзілік Универсиадаға қатысып, 44 медаль жеңіп алды. Оның 18-і алтын, 13-і күміс, 13-і қола. Қазақстанның Дүниежүзілік студенттер ойынындағы үздік жетістіктері ретінде, 2015 жылғы Словакия мен Испаниядағы жеңістері тіркелген. Қазақстан командасы 11 медальмен үшінші орынға тұрақтады. Жеңісті орынға жоспарланған көрсеткіш, жалпы командалық есепте жүлделі орынға таласуға мүмкіндік береді»,-деп мәлімдеді министр.

Оның айтуынша, Қазақстанды Универсиадада жарыс бағдарламасына енген спорттың барлық түрінен 168 спортшы мен 65 жаттықтырушы таныстырады.

«Үкіметтің жазғы және қысқы Универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бір жолғы төлемдер тағайындау туралы шешімі, спортшылардың жарыста табысты өнер көрсетуі үшін жақсы ынталандыру болып табылады. Бірінші орынға — 4,9 миллион теңге, екінші орынға — 3,3 миллион теңге және үшінші орынға — 1,6 миллион теңге. Ұқсас сомадағы сыйақы Универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жаттықтырушыларына тағайындалған»,-деп атап өтті министр.

Қысқы Универсиада-2017

2017 жылғы Универсиада Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді.

Қазақстан Унивесиадаларға 1993 жылдан бастап қатыса бастады. Спорттық шараға 30 жедел медициналық көмек бригадалары тартылады.

Универсиада-2017 дирекцияның мәліметіне сәйкес, Қысқы ойындарға қатысатын спортшылардың бір күндік калория нормасы (4000-4500) анықталды.

11 қаңтар күні, 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада алау көтерушілердің тізімін республикалық комиссия бекітті. Бастапқыда ғылым, мәдениет және спорт саласында жетістіктерге жеткен мыңнан аса жұлдыз таңдалды. Алматыда алауды 100 адам көтеріп өтеді. Жүзуден 2016 жылғы олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин байқаудан тыс іріктеуден өтті.

25 қаңтарда, 2017 жылы Астанада 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада Алауы тұталмақ. Алау эстафетасы өңірлерде өткізілгеннен кейін, 16 алау көтеруші Алауды Алматыға жеткізіп, Универсиаданың ашылу салтанатында алау бір тостағанда біріктірілмек. Универсиада-2017 алауы 22 500-ден астам шақырымға созылған жолды өтеді.

Серік Сәпиев Атлетикалық қалашықтың әкімі болып тағайындалды.

Статистика бойынша, ерлер және әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудың жанкүйерлері сатылымға түскен билеттердің 60 пайызын сатып алды.

Қарағандыда Президенттің серіктесі Қуаныш Омаров алауды тұтатып, оны Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студентіне табыстайды.

Сондай-ақ

ПХЕНЧХАН ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА БІР ЖЫЛ ҚАЛДЫ

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына бір жыл қалды. Жарыс ұйымдастырушылары сайыстар кестесі …