Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Күрес / ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ЖҮЛДЕ ЖОҚ

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ЖҮЛДЕ ЖОҚ

 

Рио Олимпиадасы грек-рим күресінің шеберлері үшін сәтсіз аяқталды. Жарыс жолына шыққан үш балуанымыз да жүлдесіз қалды.

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін балуанымыз Нұрмахан Тінәлиев қарсыласы неміс спортшысы Эдуард Поптанға 1:0 есебімен жол берді. Балуанымыз еш мүмкіндіксіз сайысты аяқтап отыр.

Айта кетейік, кеше грек-рим күресінен екі балуанымыз Алмат Кебісбаев пен Досжан Қартықов ұтылып қалған болатын.

Осы орайда ер Қажымұханның, Жақсылық Үшкемпіровтың, Шәміл Серіков пен Дәулет Тұрлыханов секілді балуандарымыздың ізбасарлары қашан шығады?- деген ой келеді.

 

Сондай-ақ

БОТСВАНАЛЫҚ БОКСШЫ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН АЛҒАН ЖАРАҚАТЫНАН КЕЙІН ҚАЗА ТАПТЫ

Ботсвана елінің кәсіпқой боксшысы Герберт Нкабити жекпе-жекте алған жарақатынан қаза тапты. Ауруханада бірнеше күн жатқан …