Басты бет / Басқа түрлер / ЗУЛЬФИЯ ҒАБИДУЛЛИНА ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

ЗУЛЬФИЯ ҒАБИДУЛЛИНА ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

 

Зульфия Ғабидуллина Риодағы Паралимпиада ойындарының «алтын» медалін жеңіп алды.

Риодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді жүзуден Зульфия Ғабидуллина жеңіп алды. Ол 100 метр қашықтықта еркін жүзуден сынға түсіп, әлем рекордын жаңартты.

Рио Паралимпиада ойындарына барған отандық мамандар жазбасын назарларыңызға ұсынамыз.

Ерік Ілиясов:

Әлі сенер емеспін, бірақ бұл жеңісті ішімізден бәріміз күттік. Зульфияның [Тараз, 50 жас] бұл екінші Олимпиадасы, мүмкін соңғы. Мүгедектігі (16 жасында жол апатынан) пайда болғаннан соң, өмірден өзін табуды мақсат тұтса керек…оны спорттан тауыпты. Армандады, 13 жыл еңбектенді, бүгін сол арманына жетті.

Америкада өткен оқу-жаттығу кезінде бірге болғанбыз. Күніге таңертең сағат 6-да жаттығуға командамен бірге алып баратынмын. Барынша көмектесуге тырыстым… сол үшін де шығар кейбір жаттықтырушылардың: «Бұл жеңісте сенің де үлесің бар,-» деп арқамнан қаққандары. Оның үстіне 4 күн бұрын Зульфияны көргенімде шоколад беріп едім. «Мне этот шоколад принесет удачи. Ем перед стартом,-» деген сөзін бүгін есіме салды.
Алайда «ең» үлкен үлес — суреттегі өзінің жеке бапкері Саттар Бейсембаевке тиесілі. Оның еңбегін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Отбасын айлап тастап, спорт қуып, мүгедектігі бар спортшысына нанын үзіп беріп, тамағын тасып, арбасын айдап, қиналғанда жұбату — нағыз АЗАМАТтың ғана жасай алатын ісі.
Қысқасы бүгін Риодағы қазақ ауылында той. Зульфия әлі 4 рет жүзеді. Тағы да медаль күтеміз.
Айтпақшы бүгінгі чемпионның артынан келе жатқан жалғыз қызы бар. Америкада болған уақытта қызына телефонмен: «Саған «сыйлық» әкелем, магазинге енді барам,»- деуші еді. Қызына армансыз сыйлық алатын болды.

• Нұрсұлтан Назарбаев Зүлфия Ғабидуллинаны Паралимпиаданың тұңғыш алтынымен құттықтады.
«Сен ел тарихында Паралимпиада ойындарындағы тұңғыш медальға қол жеткізіп, халқымыздың мерейін арттырып, зор қуанышқа бөледің. Халқың сені Қазақстанның атын әлемге әйгілі еткен мықты спортшы ретінде таниды. 100 метрге еркін стильмен жүзуден әлем рекордын жаңартып, алтын жүлдеге қол жеткізген бүгінгі жеңісің соны тағы бір дәлелдеді. Бұл жеңісің жылдар бойғы қажырлы еңбегіңнің жемісі деп білемін», — делінген жеделхатта.

 

Қазақстан Республикасы Спорт Комитетінің баспасөз хатшысы Бақытбек Хамит:

Паралимпиада алтыны!
Біздің елімізде қазіргі таңда 600 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Көп, ал осы азаматтарға қандай жағдай жасалған? Мысалы 16 өңірдің тек 11 інде ғана Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорт клубтары бар. Ал қалған 5 інде жоқ, ол жаман. Неге? Себебі мен қазір Парлаимпиада ойындары кзінде көптеген мемлекеттің өкілдерімен кездесіп сөйлесіп жүрмін, оларда мүгедектер сау адамдармен қатар тең дәрежеде спортпен шұғылдануға мүмкіндік алған екен. Және ең қызығы олар мүмкіндігі шектеулі деп қатты бір аяушылық танытып, отырған жоқ, керісінше бірдей қарайды, оны мүгедектер де ұнатады. Таң қалдым, бірақ олар өздерін арнайы уақытта, арнайы күндерде спорт залдар мен бассейндер, алаңдар мен кешендерге шақырсаң ұнатпайды, себебі біз оларды 2-ші сортты азаматтар есебінде бөліп тастап отырмыз, сосын әрине қойдың ішіндегі бөтен ешкі құсап өздері баруға да зауқы болмайды. Бұл әлемдік практикада жоқ нәрсе, біз ендігі жерде мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды сенің қолыңнан келеді, сен жасай аласың деп жігерлендіріп отыруымыз керек. Бұл Зүлфия Габидуллинаның Алтын медалінен кейін емес, жалпы осы Риоға келген бірнеше күн ішінде көргенімнен туған ой. Қолы, жоқ аяғы жоқ не су соқыр, немесе ақыл есі кем адамдардың жан тебірентетін дүниелер жасап жатқанын көргенде адам басқа ойда қалады екен. Басқа түссе ғана көрерсің деген секілді, мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар ма? көмектесуіміз керек, демеуіміз керек.


Құрметті облыс, қала, аудан әкімдері өз облыстарыңызда осы азаматтарға спортпен шұғылдануға молынан мүмкіндік жасаңыздаршы. Негізі өте көп қаржы кететін нәрсе емес екен оған көріп көзіміз жетті. Тіпті ең әуелде барынша қолжетімді спорт түрлерінен бастауға болады.

Сондай-ақ

ОЛЬГА РЫПАКОВА «ГАУҺАР ЛИГАСЫНЫҢ» КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Ольга Рыпакова «Гауһар лигасының» күміс жүлдегері атанды. Белгияның Брюссель қаласында «Гауһар лигасының» соңғы кезеңі өтті. …