Басты бет / Велоспорт / ШАБАНДОЗДАР МОСКВА ГРАН-ПРИІНДЕ ТАҒЫ ДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ШАБАНДОЗДАР МОСКВА ГРАН-ПРИІНДЕ ТАҒЫ ДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Ресей астанасында велоспорттан «Москва гран-приі» халықаралық турнирі жалғасуда.

Тректегі сайыста жарыстың алғашқы күні жас Қазақстандық шабандоз Сергей Шатовкин ұпай саны бойынша жеңіске жеткен болатын. Бүгін Никита Панасенко скреч сайысында топ жарды. Спортшы әлеуметтік желілерінде:

«Бүгінгі жеңісім мен үшін өте маңызды. Мақсатыма жету жолында маған демеу көрсеткен барлық жанкүйерлеріме алғыс айтамын. «Track Team Astana» командасының мүшелеріне ерекше ризашылығымды білдіремін. Және мені командаға жылы қабылдаған «Astana City Cycling Team»-ға да алғысымды айтамын. Әрі қарай еңбек етеміз. Біз әлі сөредеміз», — деп жазған.

«Москва гран-приі» 28 мамыр күні мәресіне жетеді.

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …

Добавить комментарий