Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА КАРАТЭ-ДО КИОКУШИНКАЙДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРИНР ӨТЕДІ

АЛМАТЫДА КАРАТЭ-ДО КИОКУШИНКАЙДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРИНР ӨТЕДІ

Алматыда, маусымның 3-і күні, ЦСКА спорт кешенінде каратэ-до киокушинкайдан ашық республикалық турнир кумитэ тәртібі бойынша балалар, жасөспірімдер, қыздар және кадеттер арасында өтеді. 
Олар KWF ережелеріне сәйкес келесі салмақ дәрежелері бойынша жарыс жолына шығдаы:

Ұлдар мен қыздар (6-7 жас) -20, -25, +25 кг;
Ұлдар (8-9 жас) -25, -30,-35, +35 кг;
Қыздар (8-9 жас) -30, +30 кг;
Ұлдар (10-11 жас) -30, -35, -40, + 40 кг;
Қыздар (10-11 жас) -30, -35, +35 кг;
Ұлдар (12-13 жас) -35, -40, -45, +45 кг;
Қыздар (12-13 жас) -40, -45, +45 кг;
Қыздар (14-15 жас) -40, -45, +45 кг;
Ұлдар (14-15 жас) -45, -50, -55, +55 кг;
Кадеттер (16-17 жас) -55, -60, +60 кг;
Қыздар (16-17 жас) -50, -55, +55 кг;

Жарыс Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «бұқаралық спортты дамыту жайлы» жолдауын іске асыру, салауатты өмір салтын жастар арасында насихаттау, киокушинкай каратэ-до спорт түрін елге танытып, дамыту, халықаралық жарыстарға үздік спортшыларды іріктеу, спорттық шеберлікті арттыру мақсатында өткізіледі.

Турнир каратэ киокушинкай ҚР Федерациясы, «Favourit.kz» Алматы және Алматы облысы Федерациясы, сондай-ақ, Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады.

Айта кетсек, ЦСКА спорт кешенінде маусымның 2-сі күні, сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медальмен марапатталады, сонымен қатар, «Үздік спортшы», «Үздік техника үшін», «Жеңіске деген жігерлігі үшін» номинациялары бойынша сыйлықтар табысталады.

Назарларыңызға осы турнирдің бағдарламасын ұсынамыз:
3 маусым 2017 ж. (сенбі)

— 09.00 — 12.00 – 6-11 жастар аралығындағы қатысушылар арасында кездесулер
— 12.10 — 13.00 – турнирдің салтанатты ашылу рәсімі, 6-11 жастар аралығындағы жүлдегерлерді марапттау рәсімі
— 13.05 — 17.30 – 12-17 жастар аралығындағы қатысушылар арасында кездесулер
— 17.30 – 17.45 – марапаттау рәсіміне дайындық
— 17.45 – марапаттау, жүлдегерлерді құттықтау

Өткізу орны: ЦСКА, Сәтпаев -6 Б көш-сі, Фурманов к-сі бұр.к.

Өткізу уақыты: 09.00 – жарыс басталуы

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАН БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КУБОГЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

  Маңғыстау былтырғы жетістігін қайталай ала ма? Оңтүстіктің боксшылары не дейді? Алматы да қалар емес. …