Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА ТЕННИСТЕН «ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ» КОМАНДАЛЫҚ ЖАРЫСЫ БАСТАЛДЫ

АЛМАТЫДА ТЕННИСТЕН «ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ» КОМАНДАЛЫҚ ЖАРЫСЫ БАСТАЛДЫ


Алматыда 12 жасқа дейінгі балалар арасында теннистен «Қазақстан Кубогі» командалық турнирі басталды. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 16 команда қатысып жатыр. Команда құрамы: 4 бала, 4 қыз және 2 жаттықтырушыдан тұрады, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Айта кетер жайт, турнир тамыздың 12-не дейін жалғасады. 6 күн бойы жас теннисшілер  өзара мықтыны анықтайтын болады. Жарыс айналым бойынша өткізіледі, яғни көп ұпай санын жинаған спортшы жеңімпаз атанады.

Татьяна Бакланова теннистен Қазақстан федерациясының Алматы қаласындағы  филиалының  менеджері:

 Қазақстан Кубогі екінші рет ұйымдастырылып жатыр, өткен жылы Астанада өтсе, осы жылы алғаш рет алып шаһарда ұйымдастырылды.  Астанада біздің командалар алтынды олжалаған. Алматы спортшылары әрқашан жақсы нәтижелер көрсетеді. Бізде теннис жақсы дамыған. Әлбетте, өзге аймақтардың да спортшылары осал емес, әсіресе, ОҚО, Астана, Қарағанды және Өскемен теннисшілері. Біз командалық есеп бойынша, алдыңғы қатардамыз, балалар мен бапкерлер қалауы бір ойдан шыққандықтан  олар бірлесіп, аянбай еңбек етуде. Біздің командаларға сәттілік пен жарқын жеңіс тілейміз! 

 Татьяна Васильевнаның айтуынша, алып шаһар спортшыларының жас шамаларына қарамастан, олардың тәжірибиелері мол.  Өйткені  олар осы спорт түрімен  5-6 жастан бастап  айналасады.

Әнел  Ильдиярова Алматы құрамасының спортшысы:

 — Біз екінші күн бәстесудеміз. Бүгін Павлодардан келген теннисшімен ойнадық, мен 4:1 және 4:2 есебімен қарсыласымды жеңдім. Маған барлығы ұнады, турнир жоғарғы деңгейде өтіп жатыр. Осындай жарысқа алғаш рет қатысып жатырмын. Жалпы, осы спорт түрімен 4 жастан шұғылданамын. Біздің команда жеңіске жетеді деген үміттемін.


Жарыстың  қорытындысы бойынша, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен ақшалай гранттар беріледі: 1 орын — $7,000, 2 орын — $5,000, 3 орын — $3,000.

Айта кетер жайт,  «Қазақстан Кубогі» бірінші командалық турнирі 2016 жылы Астана қаласында өткен. Турнирдің қорытындысы бойынша, Алматы-1 командасы бірінші орынды иеленсе, Астана-1– екінші, ал Қарағанды облысының командасы – үшінші орынға жайғасқан болатын.

Естеріңізге сала кетсек, теннис додасының  финалы тамыздың 12-сі күні өтеді, сол күні жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері белгілі болады

Сондай-ақ

«ЮВЕНТУС» ОН ОЙЫНШЫМЕН «УДИНЕЗЕНІ» ОҢАЙ ЖЕҢДІ

Италия біріншілігінің 9-шы кезеңінде өткен «Удинезе» мен «Ювентус» арасындағы ойында, төреші «Ювентус» командасының шабуылшысы Марио …

Добавить комментарий