Басты бет / Әлем / «АТЛЕТИКО» ҚЫСҚЫ АУЫСЫМ МАУСЫМЫНДА ГРИЗМАННДЫ САТУЫ МҮМКІН

«АТЛЕТИКО» ҚЫСҚЫ АУЫСЫМ МАУСЫМЫНДА ГРИЗМАННДЫ САТУЫ МҮМКІН

«Атлетико Мадрид» клубының басшылығы француздық шабуылшы Антуан Гризманның ойынына көңілдері толмағандықтан, оны қысқы ауысым маусымында сатып жібермекші.

Осы қыста «Атлетиконың» сапына жазғы ауысым маусымында сатып алынған Диего Коста мен Витоло келіп қосылады, сол себепті Гризманнды сатуға дайын, — деп AS басылымы хабарлауда.

Transfermarkt сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, 26 жастағы Гризманның ауысым құны 80 миллион еуроны құрайды. Осы маусымда француздық ойыншы «Атлетико» сапында 13 ойын өткізіп, үш гол соғып және үш нәтижелі пас беріп көзге түскен.

Сондай-ақ

РЕНАТ АБДУЛИН — СЕРІК ЖЕЙЛІТБАЕВ АТЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ

«Оқжетпес» футбол клубының тәжірибелі қорғаушысы Ренат Абдулин 2013 жылы бекітілген жыл сайынғы Серік Жейлітбаев атындағы …

Добавить комментарий