Басты бет / Басқа түрлер / Баскетбол / БАСКЕТБОЛШЫ ҚЫЗДАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

БАСКЕТБОЛШЫ ҚЫЗДАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

баскетбол

18 жастағы Қазақстанның баскетболшы қыздары Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.

Малайзия елінде өткен 3х3 форматтағы жарысқа қыздарымыз алғаш рет қатысып отыр. Өздерінің халықаралық деңгейдегі алғашқы додасында қыздарымыз бірден плей-офф кезеңінде күтпеген жерден бірінші орыннан бастады. Іріктеуде Катар спортшыларын 21:13, Сингапурды 20:13, Индонезияны 10:7 және Малайзияны 17:12 есебімен ұтты.

Ширек финалда қыздарымыз Қырғызстандық қарсыластарын оңай ұтты. Жартылай финалда Сингапур құрамасын 17:11 есебімен  қапы қалдырды. Тек финалда Жапония құрамасынан 20:16 есебімен есе жіберді.

Азия чемпионатында жүлде еншілеу енді ғана бой көтеріп келе жатқан қыздар баскетболы үшін үлкен нәтиже.

 

Сондай-ақ

САҒАДАТ РАХМАНҚҰЛОВ ДЕБЮТІН СӘТТІ БАСТАДЫ

Сағадат Рахманқұлов АҚШ-тағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті Орта салмақтағы қазақ боксшысы Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой рингтегі …

Добавить комментарий