Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА АСТАНА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ ӨТПЕК

АЛМАТЫДА АСТАНА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ ӨТПЕК

Шілденің 2-і күні «Спорттық Алматы» жобасы  аясында Астана күніне арналған кезекті велошеру өтеді.

Әуесқойлар таңғы сағат  08:30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығының маңында жиналып, ұйымдастырушылар атынан сөре нөмірлерімен, бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотереяға қатысуға мүмкіндік алады.Спорттық шара  сағат 09:00-да  басталады. Велошеруге  қатысушылар  Әл-Фараби даңғылы мен Саин көшесіне дейін жүріп, Шаляпин көшесіне бұрылып  Алтынсарин көшесінде орналасқан  Н.Сац атындағы  Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры алаңында мәреге жетеді. Әуесқойлар жалпы 12 шақырым жолды жүріп өтеді.

Мәреде  қатысушылар бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотереяға қатыса алады, басты сыйлық – велосипедтер.

Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқамасының хабарлауынша, қауіпсіздік мақсатында, міндетті талаптардың бірі – қорғаныш шлемін кию.

Айта кетсек, осы велошеру «Спорттық Алматы» жобасының қолдауымен осымен оныншы мәрте өткізіледі, жалпы осы жылы 21 велошеру жоспарланған. Бағдарлама Алматыда бұқаралық спорттың дамуына, белсенді спорттық тынығуды елге танытуға бағытталған.

 

Сондай-ақ

ЕЛДОС СМЕТОВ ЕУРОПА КУБОГЫНА ҚАТЫСАДЫ

Дзюдодан 14-16 шілде күндері Германияның Саарбрюккен қаласында Еуропа кубогы жарысы өтеді, деп хабарлайды Массагет.кз. Халықаралық …