Басты бет / Басқа түрлер / ЖЕҢІМПАЗДАР СЕНЕДІ (МОТИВАЦИЯ)

ЖЕҢІМПАЗДАР СЕНЕДІ (МОТИВАЦИЯ)

 

Жеңімаздар — dodasport.kz  көзімен…..

Жеңімпаздар әрқашан ең мықты, ең әдемі, ең талантты бола бермейді. Олар әрқашан ең жақсы мектептерге барып, ең жақсы баспанада тұрып, жағдайы өте жақсы отбасыда дүниеге келе бермейді. Барлық жеңімпаздардың ортақ бір тұсы бар: олар жүрегімен өзінің жеңетініне сенеді. Олар өздерінің қабілетіне, білген-жиғанына назар салады. Жеңімпаздар өз армандарына  және оз ойымен, өз жүрегімен бірінші болатынына сенеді. Олар өмірлерінің кейіпкері өздері екенін, өмірлерінің алдын-ала дайындалып жазылып қойылған сценарий емес екенін, қазіргі уақыты өмірінің соңы емес, яғни оны өзгерту өз қолдарында екеніне сенеді. Жеңімпаздар ешқашан жағдайға және жауларына өз мақсаттарынан бас тартатындай іс жасауға жол бермейді. Олар өзіне күмәнмен қараған адамдарды өмірінен сызып тастайды, өз-өзіне сенімсіздерден аулақ жүреді. Жеңімпаздар тек «сен жеңесің» деген өзінің ішкі түйсігіне құлақ асады.

Жеңімпаздар жеңіске жететін жолда кедергілердің көп болатынын біледі. Олар түрлі соқпақтар арасында тура жолды көреді. Жеңімпаздар жеңіс өздері дайын болмағанша келмейтінін біледі. Сондықтан тынымсыз дайындалады. Олар алдын-ала жоспар құрады және оны орындау үшін ойша дайындалады. Жеңімпаздар зерттейді, біледі, таниды, жүзеге асырады. Олар бір рет жасайды, қолдарынан ештеңе келмеді. Жүз рет жасайды, қолдарынан ештеңе келмеді және құлайды. Сонда да үміттерін үзбейді. Жеңімпаздар күмәнді тауға шығуға да дайын, себебі әрбір шың сені өсіреді. Үмітсіздік алаңынан өтеді, қатаң сыңды бастан кешіреді. Бұның бәрі әлгі биікті бағындыру үшін. Әр сүрінген сайын тәжірбие жинайды. Сол жерден екінші рет өткенде құламайды. Сол арқылы олар күштірек, ақылдырақ болады. Тек күштілер мен ақылдылар, өз-өзіне сенімді ерік-жігерлілер ғана мақсатына жетпек.

Жеңімпаз болып ешкім туылмайды. Жеңімпаздар жеңіске жететін жол бар екеніне сенеді. Жеңімпаздар жеңіске жету үшін барлық қажетті сыңнан өтсе ойлағаны шындыққа айналатынына сенеді. Жеңімпаздар қайсарлылық, өжеттілік, сенімділік — бұл арманды жүзеге асыру үшін апаратын баспалдақ екенін біледі және сол баспалдақты өздері қолдан жасайды. Баспалдақтың шегі жоқ әрі қиын екенін білсе де соңына дейін жүре береді. Олар бұл кедергіден өтетініне сенеді. Жеңімпаздар сенеді.

 

Сенім…. сенім…. сенім….

 

Сондай-ақ

ИСЛАМ БОЗБАЕВ «ҮЛКЕН ДУЛЫҒА» ТУРНИРІНІҢ ЧЕМПИОНЫ

Ислам Бозбаев «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы атанды. Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан «Үлкен Дулыға» турнирінде …