Басты бет / Бокс / ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВ КӘСІПҚОЙ БОКСҚА АУЫСТЫ

ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВ КӘСІПҚОЙ БОКСҚА АУЫСТЫ

 

Рио Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа өтті, — деп хабарлайды Vesti.kz
«ВКонтакте» желісіндегі «Профи Бокс Казахстана» тобында жазылған ақпарат бойынша, Елеусінов жақында құрылған MJA Entertainment’s промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойған. Басқа жайттар әзірше белгісіз.

Мұның алдында Данияр Елеусінов және Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Иван Дычконың жақын арада кәсіпқой боксқа өтуі мүмкін екені хабарланған. Қос боксшы Алматы облысындағы AIBA бокс академиясында өтіп жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығу жиындарына қатыспады.

 

Сондай-ақ

АРЛАНДАРДЫҢ РЕСЕЙЛІК ҚАРСЫЛАСТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

  WSB жобасы бойынша «Astana Arlans»  командасының қарсыластарының бірі  «Russian Boxing Team» құрамын жариялады. «Russian Boxing …