Басты бет / Бокс / Астана Арландары / АРЛАНДАРДЫҢ РЕСЕЙЛІК ҚАРСЫЛАСТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

АРЛАНДАРДЫҢ РЕСЕЙЛІК ҚАРСЫЛАСТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

 

WSB жобасы бойынша «Astana Arlans»  командасының қарсыластарының бірі  «Russian Boxing Team» құрамын жариялады.

«Russian Boxing Team» ақпан айында Арландарға қарсы шығатын боксшылар тізімін жасақтады. Бұл туралы Ресей құрамасының аға жаттықтырушысы  Иван Шидловский айтты.

«Russian Boxing Team» мен «Astana Arlans»  командасының арасындағы бәсеке 3-ші ақпан күні Ресейде өтеді. Бірақ нақты қай қала екені белгісіз.  WSB турнирінде жалпы саны 12 команда бақ сынайды. Біздің топта Ресейліктерден бөлек Қытайлық «China Dragons» пен Өзбекстандық «Uzbek Tigers» командалары бар.

Иван Шидловский Арландарға қарсы шығуы мүмкін құраманы таныстырды:

49 келі Батор Сагалуев,

56 келі Максим Чернышев,

64 келі Ратмир Абдурахманов,

75 келі Максим Коптяков,

91 келі Сергей Калчугин.

Реселік құрама 30-шы қаңтарға дейін Сочида оқу-жаттығу жиындарын өткізетін болады. Ал, Арландар болса Алматыда жаттығуда.

Сондай-ақ

МОГУЛДАН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

  Канаданың Валь Сен-ком қаласында фристайлдың могул түрінен Әлем кубогының үшінші кезеңі мәресіне жетті. Ерлер арасында Лейк-Плэсидте …