Басты бет / Қысқы спорт / Биатлон / ВИШНЕВСКАЯДАН КЕЙІНГІ СӘТСІЗ ЭСТАФЕТА

ВИШНЕВСКАЯДАН КЕЙІНГІ СӘТСІЗ ЭСТАФЕТА

11 желтоқан күні биатлон спортынан әлем кубогының екінші кезеңі мәресіне жетті.

Словенияның Паклюка қаласында өткен кезең эстафетамен аяқталды.

Әйелдер арасындағы 4х6 км-лік сайыста Германия құрамасы жеңіске жетті  (Хинц, Хильдебранд, Хаммершмидт, Дальмайер). Неміс қыздары тоғыз қосымша оқтарды пайдаланып, Франция құрамасынан (Шевалье, Бреза, Эмонье, Дорен-Абер)  10,1 секунд басым түсті.  Үздік үштікті Украйна құрамасы түйіндеді. (Варвинец, Джима, Пидгрушна, Меркушина) — +37.7 (3).

Қазақстан құрамасы үшін эстафета өте керемет басталған. Галина Вишневская барлық нысананы сәтті жауып, мәре сызығына үшінші болып келді. Бірақ эстафетаны қабылдаған басқа қыздарымыз өз кезеңдерін нашар өтіп шықты. Соңында 14-ші орынды қанағат тұттық (Галина Вишневская, Анна Кистанова, Ольга Полторанина, Алина Райкова)

Екінші кезеңді жүгірген Анна Кистанова бір мәрте айып алаңына барып қайтты. Мәреде Қазақстан құрамасы көшбасшыдан  [1+5] +4:07.7 уақытымен қалып қойды.

 

 

 

Сондай-ақ

СПОРТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ МЕДАЛЬДАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

  Мәдениет және спорт қайраткерлеріне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдары табысталды 13 желтоқсан, …