Басты бет / Мақала / ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ КӨП БҰЛ ФУТБОЛ

ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ КӨП БҰЛ ФУТБОЛ

«ДОДАСПОРТ»  порталында «Сіз білесіз бе?» айдары шымылдығын түрді. Бүгін теңбіл доп бәсекесіндегі қызықтарты назарларыңызға ұсынамыз

 

 

1. Хосе Луис Чилаверт — футбол тарихындағы жалғыз хет-трик иесі атанған қақпашы!

Бұл ойын 1999 жылдың қарашасында Аргентиналық командалардың арасында, яғни «Велес Сарсфилд» және «Феррокариль Оэсте» ойынында болған. Ойын 6:1 есебімен аяқталған. 3 голды Чилаверт 11 метрлік айып добынан (пенальти) салған.

2. А Сериясы тарихындағы ең жылдам голды «Интер» футбол клубының жартылай қорғаушысы Джанфранко Маттеоли, 1988 жылдың 27 қарашасында, «Чезенаға» қарсы кездесудің 10-шы секундында соққан.

3. Патрис Эвра 4 рет Чемпиондар Лигасының финалында, 1 рет Еуропа Чемпионатының финалында жеңіліс тапқан.


4. Реал Мадрид клубының қорғаушысы Марсело гол соққан сайын қолын сүйеді. Оның қолында атасының есімі — Педро деп жазылған. Бала кезінде атасы Марселоға футбол ойнау үшін бар жағдайды жасаған. Сондықтан, Марсело әрқашан голын атасына арнайды

5. «Ювентус» футболшысы Паоло Монтеро А Сериясы тарихындағы ең дөрекі футболшы болып танылған. Ол 2003/04 маусымда өзінің он бесінші қызыл қағазын алған екен.

6. Криштиану Роналду Уэльс құрама командасының қақпасына гол соғар кезде, қақпа маңдайшасынан да биік секірген.

7. Әйгілі испан әншісі Хулио Иглесиас мадридтік «Реалдың» қақпашысы болған. 1963 жылы жол көлік апатынан кейін оның спорттық мансабы аяқталады. Ол ауруханада жатқанда медбике Хулиоға ермек болсын деп гитара ұсынады. Сөйтіп оның тағдырында музыка тарихы басталады.

 

8. Голландияның «Фейенорд» командасының жанкүйері Ян ван Коок 1998/1999 жылдардағы өзінің сүйікті клубының барлық ойындарына 2 маусымдық билет алып қойған. Бірі өзіне, екіншісі өзінің иті Боға!

9. Британ аралындағы Ридинг атты қаланың футбол командасының қақ пашысы Джимми Тейлордың ойынына көп адам наразы болады. Бір маусымда өткізген 27 ойында ол 456 доп жіберіп үлгерген. Орташа есеппен алғанда бір ойында – 17 гол.

Сондай-ақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АРМАН» ТУРНИРІНІҢ ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

Тараз қаласында футболдан жасөспірімдер арасында Республикалық «Арман» турнирінің финалдық кезеңі аяқталды. Жарысқа: «Тараз», «Астана», «Қайрат», …